Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбековтың төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының тапсырмасына сай «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің құрылысы мен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізу мәселелерін қарады. Мегаполис басшысы мәжілісте білім беру нысандарын заман талабына сай жабдықтауға баса назар аудару қажеттігін айтты. Сондай-ақ Ғабит Әбдімәжитұлы бұл жобаны жүзеге асыруға мүмкіндігінше жергілікті тауар өндірушілерді тарту ...
Толығырақ »Шымкент
ФРОНТ-ОФИС «SHYMKENT INVEST» ОТКРЫЛИ В ШЫМКЕНТЕ
Сегодня в Шымкенте состоялось открытие фронт-офиса «Shymkent Invest». Организация будет осуществлять всестороннее содействие местным и зарубежным инвесторам, реализующим инвестиционные проекты на территории города Шымкент, начиная от зарождения идеи проекта до ввода его в эксплуатацию. Кроме того, специалисты окажут последующую поддержку в части выхода на экспорт, а также в получении финансирования на развитие. В церемонии открытия приняли участие глава мегаполиса Габит ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕГІ «ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛІК ОРТАЛЫҚТАР» ӘДІСІ РЕСПУБЛИКАҒА ТАРАТЫЛУДА
Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты емханалар жанына ашылған «Үздік тәжірибелік орталықтардың» жұмысы аймақтардағы медициналық ұйымдарға тәжірибе ретінде таратылуда. Бүгін Маңғыстау, Ұлытау облыстарынан келген арнайы делегация қалалық №1, №6 емханалардың үздік тәжірибесімен танысты. Денсаулық сақтау ұйымдарының басшылығы өкілдері мен әлеуметтік қызметкерлер, психологтардан құралған 30-ға жуық маман жергілікті дәрігерлерден тәжірибе алды. Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Ізбасар облыста 3 үздік ...
Толығырақ »АКЦИЯ «НАРОДНЫЙ ЮРИСТ» ПРОЙДЕТ В ШЫМКЕНТЕ 30 МАЯ
30 мая во всех крупных городах Казахстана стартует общереспубликанская акция «Народный юрист». В этом году акцию планируется провести в 16.00 часов на Арбате (ул. Бейбитшилик 4-6). Цель акции – повышение правовой грамотности населения и оказание юридической помощи. Любой гражданин может прийти и получить бесплатно необходимую консультацию у лучших представителей юридической общественности страны. Среди них – известные адвокаты, нотариусы, прокуроры, следователи, ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ 30 МАМЫРДА ӨТЕДІ
«30 мамыр күні жергілікті уақытпен Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы басталады». Биыл акция Шымкент қаласында Арбатта (Бейбітшілік көшесі 4-6) сағат 16.00-де басталуы жоспарлануда. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот ...
Толығырақ »ҚАРАТАУ АУДАНЫ: 45 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі Рахымберді Мүлкемановтың БАҚ өкілдерімен кезекті брифингі өтті. Брифинг барысында аудан басшысы 2024 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар жөнінде қысқаша баяндады. Жалпы ауданда инфрақұрылым жүйелерін дамыту, абаттандыру, жарықтандыру мен жолдарды жөндеу негізгі жұмыстары жүргізілді. Инфрақұрылыммен қамтамасыз ету кезең-кезеңімен атқарылып, ауданды ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 пайызға жеткен. 2023 жылы Сайрам, Қызылсу және Бозарық елді мекенінің жаңақұрылыс ...
Толығырақ »ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: ЖАҢАҚҰРЫЛЫС АУМАҚТАРДЫ 2024-2025 ЖЫЛДАРЫ 100 ПАЙЫЗ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Бүгінгі күнге Еңбекші ауданының аумағы 22 800 гектар құрап, халық саны 228 830 болды. Ауданда 18 тұрғын алап және 11 шағынаудан бар. Еңбекші ауданында 728 көше, 1 саябақ, 2 гүлзар, 283 көпқабатты және 37061 жеке тұрғын үйлер орналасқан. Тұрғындармен тұрақты түрде қарым-қатынаста бола отырып, Еңбекші ауданы әкімінің аппараты келесі жұмыстарды атқаруда. Аудан аумағындағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған ...
Толығырақ »УКРАИНАЛЫҚ ӘЙЕЛ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТА БОСАНДЫ
Шымкент қаласындағы перинаталдық орталық дәрігерлері толғағы қысқан Украиналық азаматшаны босандырып, сәбиіне күрделі ота жасады. Барлық медициналық шаралар міндетті әлеуметтік сақтандыру аясында тегін көрсетілді. Щебетун Диана 20-сәуір күні толғағы басталып, жедел жәрдем қызметімен қаладағы перинаталдық орталыққа жеткізілген. Сәби мерзімінен бұрын 33 аптасында дүниеге келді. Толық медициналық тексеруден өткізген жергілікті дәрігерлер нәрестеге «өңештің артрезиясы» диагнозын қойып, күрделі ота жасады. Өңештегі туа біткен ...
Толығырақ »В Шымкенте продолжается республиканская акция «Таза Қазақстан»
В Шымкенте продолжается республиканская акция «Таза Қазақстан». Во всех районах города проводятся комплексные мероприятия по уборке городских территорий. Начавшаяся в Абайском и Аль-Фарабийском районах города акция продолжилась в Енбекшинском районе. Участники мероприятия убирали улицы Сайрамскую и Безделева. Жители района вместе с сотрудниками коммунальных учреждении постригли кустарники, очистили тротуары, убрали камни с обочин и подмели улицы. Всего приняли участие около 100 ...
Толығырақ »Студенттерге есірткінің заңсыз айналымына қатысудың ауыр салдары түсіндірілді
Шымкент қаласында оқу жылының соңында студенттерге есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары туралы ескертілді. Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында шымкенттік полицейлер тағы да студенттермен кездесіп, оларға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары және нашақорлықтан аулақ болудың маңыздылығы туралы ескертті. Полицейлермен бірге аталған іс-шараға «Психикалық денсаулық орталығының» нарколог-дәрігері, «Жастар ресурстық орталығының» ...
Толығырақ »Шымкентте нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес айлығы басталды
Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналған айлық іс-шаралар басталды. Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясының 1987 жылғы шешімімен 26-маусым — Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні ретінде белгіленді. Содан бері, жыл сайын бүкіл дүние жүзінде, оның ішінде біздің елімізде бұл мерейлі күн ерекше атап өтіліп келеді. Бұл күн қоғамның назарын нашақорлықтың әлемдік ...
Толығырақ »Шымкентте 170 сарбаз әскери ант қабылдады
Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының саптық алаңында Көктем-2024 шақырылымы жас толымының әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Жеке құрам мен қонақтардың алдында әр түрлі облыстар мен қалалардан шақырылған кеудесіне жауынгерлік қаруы бар 170 жас сарбаз сап түзеді. Бір ай ішінде олар бөлімде және оқу полигонында алғашқы әскери дайындық курсынан өтті. Онда олар саптық, атыс, дене шынықтыру дағдыларын игерді, сондай-ақ, жалпыәскери ...
Толығырақ »ТАЗАЛЫҚ ЖАНАШЫРЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ
Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы Шымкент қаласында қарқынды жалғасуда. Қаладағы барлық аудандар аясында тазалық шаралары жан- жақты жүзеге асырып жатыр. Айталық, қаладағы Абай ауданында бірқатар экологиялық шаралар жүзеге асырылды. Осы аудан пумағындағы Темірлан тас жолында орналасқан скверде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Тазалық іс-шарасына жалпы 100-ден астам аудан тұрғындары, кәсіпкерлер, зиялы қауым өкілдері, белсенді жастар, еріктілер қатысты. «Тазалық — денсаулық кепілі» деген ұстаныммен ...
Толығырақ »«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АБАЙ АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Темірлан тас жолында орналасқан скверде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.Тазалық іс-шарасына жалпы 100-ден астам аудан тұрғындары, кәсіпкерлер, зиялы қауым өкілдері, белсенді жастар, еріктілер қатысты. «Тазалық — денсаулық кепілі» деген ұстаныммен өткен іс-шарада ағаш кесу, әктеу, шөп ору, суғару, қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді. «Мемлекет басшысы тапсырмасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғаннан бері аудан тұрғындары күн сайын өзі ...
Толығырақ »ҚАЛА ӘКІМІНІҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА БЕЙНЕ ШОЛУ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің 2024 жылдың 20 және 25 мамыр аралығындағы апталық жұмысына бейне шолу, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. © Didarbek.kz
Толығырақ »ТҰРАН АУДАНЫНДА САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Тұран ауданында санитарлық жұмыстары тұрақты түрде атқарылып келеді. Қазіргі уақытта аудан аумағындағы көшелер тазалануда. Көше жиектерін көгалдандыру, ирригациялық арықтарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Тұран Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. “ШымкентСпецКомплекс” ЖШС тарапынан 100-ден астам адам, 20-ға жуық техника жұмылдырылды. © Didarbek.kz
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: МАМАНДАР ТЕМЕКІНІҢ ЗИЯНЫ ЖАЙЫНДА КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРДІ
Психикалық денсаулық орталығынла Дүниежүзілік темекіден бас тарту күніне орайластырып дөңгелек үстел өтті. Жиынға Психикалық денсаулық орталығының қызметкерері, қалалық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, білім басқармасы мен қалалық СӨСҚ орталығының қызметкері, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық, Жастар ресурстық орталығы мен “Ренессанс-Шымкент» медико-әлеуметтік орталығының мамандары қатысты. Дөңгелек үстелді Психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері С.И.Мыңбаев ашып берді. ...
Толығырақ »Шымкентте шомылуға тыйым салынған орындар белгіленген
Шымкентте шомылуға тыйым салынған орындар белгілі болды. Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің ұйымдастыруымен Атамекен кәсіпкерлер палатасында қаладағы бассейн (аквопарк), су обьектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт үшін 5 рұқсат берілген орын мен шомылуға тыйым салынған 13 орындары және Шымкент қаласының аудандық әкімдіктері мен білім басқармасының қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізіліп, Қала әкімінің қаулысымен таныстырылып, алдағы уақытта қауіпсіздік ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: «Жайлы мектеп» жобасына отандық өндірушілер қамтылуы тиіс
Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасында өткен құрылыс салалық кеңесінің отырысында осы мәселе талқыланды. Жиынға Палата басшылығы, Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Шымкент қаласы бойынша өңірлік жетекшілері, жобаның бас мердігерлері, жиһаз компанияларының өкілдері қатысты. «Наурыз айында Шымкент қаласының әкімі жиһаз жасаушылармен, жалпы, «Жайлы мектеп» жобасына қатысушылармен кездескені белгілі. Сонда ұлттық жобаға жергілікті кәсіпкерлерді, жиһаз компанияларын жұмылдыру бойынша тапсырма берілді. ...
Толығырақ »«МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!»: ШЫМКЕНТТЕ 272 МЕКТЕП ОҚУ ЖЫЛЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Бүгін Шымкенттегі барлық мектептерле бітіруші түлектерге «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Шараның құрметті қонағы ретінде ата-аналар мен қамқоршылық кеңес мүшелері, 10, 20 жылдық мектеп түлектері, ардагер ұстаздар және мектеп мұғалімдері мен 11 сынып оқушылары қатысты. Жалпы биыл Шымкент қаласында білім басқармасына қарасты 272 мектеп оқу жылын қорытындылады. Қалада 13 286 оқушы 11 сыныпты бітірді. Оның 463-і “Алтын ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ 12 МЫҢ АДАМ МІНӘЖАТ ЕТЕ АЛАТЫН МЕШІТ АШЫЛДЫ
Жаңадан бой көтерген «Сейітжан қари Есжанұлы» атындағы еңселі мешіттің салтанатты ашылу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді. Мешіт кешенінің ашылу рәсіміне Меккеден шейх Осман Тоhа, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, дін ғалымдары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары да арнайы ...
Толығырақ »ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Aудан әкімі Бұхарбай Рысқұлұлы «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Аудан тұрғындарының жеке мәселелері бойынша өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, шешу жолдарын қарады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тұрғындардың көтерген мәселелерінің басым бөлігі әлеуметтік көмек, жол, тұрғын үй, инфрақұрылымға қатысты сұрақтар болды. Бухарбай Парманов тұрғындардың көтерген мәселелері бойынша заң аясында түсінік беріп, ...
Толығырақ »ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖЕДЕЛ КЕҢЕС ӨТТІ
Шымкент қаласы полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы полиция полковнигі Сүйеубеков Нұрдаулет Пернебекұлының төрағалығымен Тұран ауданы полиция басқармасының мәжіліс залында тергеушілер, анықтаушылар мен жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен жедел кеңес өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған жиында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ...
Толығырақ »ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТЕДІ!!!
Қаскүнемдер поликлиникадан флюорография мен диспансерлеуге жазылуға шақырады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Еңбекші Аудандық Полиция Басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тексерудің күні мен уақытын таңдағаннан кейін, олар сізден телефонға келген кодты хабарлауды сұрайды. Код расталғаннан кейін олар жазбаның сәтті өткені туралы хабарлайды. Біраз уақыттан кейін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізе отырып, олар сіздің атыңызға несие ресімдейді. Құрметті азаматтар! Сіздерді қырағы болуға ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫНДА 39 МЕДАЛЬ АЛДЫ
«Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының хаты негізінде «Білім-инновация» Халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастыруымен, оқушылар арасында ғылымды насихаттау мақсатында 10-11 сынып оқушыларына арналған Қазақстан Білім Олимпиадасы ұйымадастырылды. 18-22 мамыр аралығында өткен Олимпиада математика, физика, химия, биология, информатика, география пәндері бойынша өтті. Шымкент қаласы бойынша «Білім-инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернатының базасында оқушылар олимпиадаға оффлайн форматта қатысты. Нәтижесінде, Шымкент қаласының қоржынына 39 медаль қосылды. ...
Толығырақ »