Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент (страница 99)

Шымкент

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КҮМІС ҚАЛАМ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

Шымкентте жас ақындар арасында республикалық «Күміс қалам — 2022» байқауы ұйымдастырылды. Қалалық ішкі саясат және жастар істері басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен талантты жас ақындар қатысты. Байқаудың негізгі мақсаты – тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерді насихаттау, әдеби үрдісте дарынды жас ақындардың жарқырап көрінуіне жол ашу. Сондай-ақ жас таланттар мен оқырмандардың, әдебиеттегі аға буын мен жас толқынның ...

Толығырақ »

Шымкент: Тәртіп сақшыларымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында кезекті жиын өтті

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы ғимаратының мәжіліс залында Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ермахан Әділханұлы Абдраманов төрағалық еткен кезекті жиын өтті. Жалпы күн тәртібінде жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңының талаптарын бұзбау туралы толығырақ қозғалды. Жедел жиналыста департамент бастығының орынбасары полиция қызметі мен сыбайлас ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ЕЛІМІЗГЕ ТАНЫМАЛ ЖҰЛДЫЗДАР АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТЕДІ

Елімізде алғаш рет блогер, актер, және спорт жұлдыздарынан құралған «CENTRAL ASIA MEDIA CUP» футболдан медиа турнир өтеді. Бұл туралы Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығында өткен брифингте айтылды. Медиа турнирдің алғашқы ойыны Шымкент қаласында өтеді. Алдағы екі күнде өтетін тартысты турнирге Тараз, Алматы, Шымкент қалалары және көрші Қырғызстаннан жасақталған командалар бақ сынайды. Жеңімпаз команда 3 миллион теңге алады. –Турнирдің мақсаты – ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ «ЖАС ПАТРИОТ – 2022» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫНЫ ӨТУДЕ

Бүгін Шымкент қаласында «Жас сарбаз» сыныптары арасында «Жас патриот – 2022» атты бірінші әскери-патриоттық жиын басталды. Екі күн бойы жалғасатын іс-шараны Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы қалалық білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырып отыр. –Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Өйткені, ол тек әскери тәртіпке ғана емес, білімге, достық пен адалдыққа және тапқырлыққа жетелейтіні мәлім. Ал, ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ 400 АЕК КӨЛЕМІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТҚА ӨТІНІМ БЕРУ 8 ТАМЫЗДАН БАСТАЛАДЫ

Өтінімдер «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады. Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады. Мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады. Өтінім беру үшін қажет: — Порталда тіркелу; ...

Толығырақ »

ЖҰМЫСТЫҢ ҚАРҚЫНЫ МЕН САПАСЫ — ОҢ НӘТИЖЕ КЕПІЛІ

Шымкент қаласындағы Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшелері қиылысындағы жолайрықтың құрылысы қарқын алған. Үш деңгейлі жолайрық 2022-2023 жылдар аралығында, көлік қозғалысын реттеудің кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асуда. Нәтижесінде аталған көшелердің көлік өткізгіштік деңгейі екі есеге артады. Бүгін қала басшысы жалпы жұмыс барысын тексеріп, кезеңдік жұмыстардың аяқталу мерзімдерін мердігермен пысықтап, бірқатар тапсырмалар жүктеді. Жолайрықтың техникалық сипатына орай Бәйдібек би даңғылында 700 ...

Толығырақ »

АШЫҚ ДИАЛОГ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Абай ауданы тұрғындарымен кездесулері мен азаматтарды жеке қабылдауы барысында ауданға қатысты 110 хаттамалық тапсырма берген-ді. Бүгінде оның 57-сі орындалып, 53-і жұмыс барысында. Соның ішінде Ынтымақ шағынауданына қатысты бірқатар мәселе шешілген. Бүгін қала әкімі аудан тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстарды қоғамдық бақылау кеңесінің мүшелерімен бірге талқылады. Шешімін тапқан мәселелердің бірқатарына тоқталар болсақ ; — Ынтымақ-2 шағынауданын ...

Толығырақ »

М.ӘЗІЛХАНОВ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ТӨРАҒАЛАРЫ, БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚХА төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Шымкент қалалық этномәдени бірлестіктер төрағалары, сондай-ақ, қаланың журналистері және блогерлерімен кездесіп, пікір алмасты. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлы Мұқан қатысты. Марат Әзілханов «Достық үйі» ғимаратында қалалық этномәдени бірлестіктер төрағалары, «Қоғамдық келісім» мекемесі қызметкерлерімен этносаралық қатынастар саласындағы бірлесе атқаратын жұмыстарды нақтылап, өзекті мәселелерді талқылады. Еліміздегі қоғамдық-саяси ...

Толығырақ »

ЫНТЫМАҚ-2 ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновтің Абай ауданы тұрғындарымен өткен 6 айлық есепті кездесуінде Ынтымақ-2 шағын ауданының тұрғындары инженерлік-инфрақұрылым, жол, жерді заңдастыруға қатысты мәселелер көтерген болатын. Бүгін шаһар басшысы аталған шағын ауданға барып, тұрғындармен кездесті. Шағын аудан өткен жылы электр жарығы және ауыз сумен қамтылды. Табиғи газ бойынша ЖСҚ әзірленуде, құрылыс жұмыстары келер жылға жоспарланған. Интернетпен қамтуда базалық станция орнатылуда, ...

Толығырақ »

М.ӘЙТЕНОВ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің тамыз айындағы азаматтарды бірыңғай қабылдауы кезінде Самал-2 шағын ауданы Малқаров көшесінің ақсақалы аумақтың жол, қауіпсіздік, жарықтандыру мәселелерін көтерген болатын.  Бүгін қала әкімі аталған көшеге арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Малқаров көшесінің ұзындығы 1,1 шақырым. Көшеге 2019 жылы асфальтбетон қабаты төселген. Қоғамдық көлікке қатысты, ауданда ...

Толығырақ »

АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Биыл Шымкент қаласында Еңбекші ауданында “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында І-кезеңмен 52 көпқабатты үйдің 36 ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды didarbek.kz ақпаратық агенттігі. Жоба аясында аумақты көгалдандыру, тротуарларды жайластыру, пандустар қою, арықтар салу және жөндеу, қоқыс тастайтын жерлерді жою, ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру, ойын және жаттығу алаңдарын құру, онда жабдықтар орнату секілді жұмыстар жасалады. Сонымен қатар, ...

Толығырақ »

Жас келсе — іске

Шымкент қаласы Полиция департаменті «Біздің полиция» жобасын жалғастырып жатыр. Кезекті кейіпкеріміз — өз міндетін мінсіз атқарып жүрген Ішкі істер органының жас маманы Серік Мұратұлы Жантаев. Анықтау қызметі полициядағы жауапкершілігі жоғары жұмыс болып табылады. Орын алған қылмысқа байланысты барлық материалды жинап, куәгерлер мен жәбірленушілерден сұрастырып, ең бастысы күдіктіні айнытпай анықтау міндеті жүктелген. Бүгінгі кейіпкеріміз осы сынды қырағы қасиеттерді бойына тоғыстырған әрі ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ҚХА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Алқалы жиынға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Элвира Азимова, түрлі мемлекеттік органдардың өкілдері, ҚХА және КХА республикалық медиация кеңесінің мүшелері, кәсіби және кәсіпқой емес медиаторлар, сарапшылар қатысты. Медиация кеңесінің кеңейтілген отырысы 5 тамыз – республикалық бірыңғай медиация күні аясында ұйымдастырылып ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ЖІП ШЫҒАРАТЫН ЖАҢА КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Шымкент қаласында жіп шығаратын жаңа кәсіпорын іске қосылады, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Биыл алғашқы жартыжылдықта өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімі 10,1 пайызға өскен. Нәтижесінде, биыл инвестиция көлемі 52,8 млрд теңгені құрайтын 16 өнеркәсіптік жоба жүзеге аспақ. Солардың бірі — аралас иірілген жіп шығаратын «Azala Cotton» зауытының екінші цехы. Инвест жобаның құны – 1,9 млрд теңге. Жылына 2500 ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: 33 КӘСІПОРЫНДАҒЫ 1304 ЖҰМЫСКЕРДІҢ ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗЫ ӨТЕЛДІ

Шымкент қаласында 33 кәсіпорындағы 1304 жұмыскердің жалақы қарызы өтелді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов баспасөз брифингте мәлімдеді. – Шымкентте ағымдағы жылдың 6 айында 33 кәсіпорынның 1 304 жұмысшысының жалақы қарыздары өтелді. Еңбек ұжымдарында жыл басынан бері 6 еңбек дауы тіркелген. Бұның барлығы тиісті іс-шаралар жүргізу барысында ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: «БАЛ ТЕКСТИЛЬ» ЖАҢА ЖОБАСЫН ІСКЕ ҚОСПАҚ

Шымкент қаласындағы «Бал текстиль» жаңа жобасын іске қоспақ, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Шаһар басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов «Оңтүстік» АЭА-да орналасқан бірнеше жеңіл өнеркәсіп орындарының жұмысымен танысты. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Бал Текстиль» кілем және кілем өнімдерін шығаратын кәсіпорын өзінің 4-ші жаңа жобасын іске қосып, өнім қуаттылығын арттыруда. Құны — 2,5 млрд.теңге болатын жоба жылына 1,4 млн шаршы метр ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ АЛМАНЫҢ ЕРЕКШЕ СҰРЫПТАРЫ ӨСІРІЛЕДІ

Шымкент қаласындағы Алтын төбе елдімекенінде «Керемет Сапа» шаруашылығы 15 гектар аумақта алма өсіруде, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Алманың голден, пинк леди, гренни смит, фуджи секілді ерекше сұрыптары отырғызылған. Өнімдер ішкі нарыққа, яғни қаладағы сауда нүктелерінде сатылуда. Мекеме мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау тауып, өткен жылы техникалары мен құрал-жабдықтарын жаңартқан. Сондай-ақ, 2022-2023 жылдар аралығында жылына 10 миллион банка шығаратын жеміс-көкөністі қайта ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЭЛИТАЛЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕП АШЫЛАДЫ

2020 жылдан бастап еліміздегі барлық қалалық мектептер жан басына қаржыландыру жүйесіне көшті. Аталған жүйе Шымкент қаласында өз нәтижесін беруде. Былтыр 21, биыл 20 мектеп жеке инвесторлар есебінен салынуда. Қала әкімі М.Әйтенов әрбір мектептің жаңа оқу жылына дайындығын тексеру мақсатында, білім беру ұйымдарын аралап көруде. Соның бірі — Әл-Фараби ауданы Қонаев даңғылында «OSCAR» лингвистикалық элиталы 480 орындық жекеменшік бастауыш мектебі 3 ...

Толығырақ »

Шымкенттік полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге көмек көрсетуде

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы инспекторларының ең негізгі қызметі – тұрмыстық жағдайда әйелдерге зорлық-зомбылық жасаудың алдын алу, оларды болдырмау, болған жағдайда сол құқық бұзушылықтың анық-қанығына жетіп, тиісті шараларды қолдану. Осы орайда Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бойынша ұдайы ...

Толығырақ »

БІЛІМ ОШАҚТАРЫНЫҢ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Биыл Шымкентте 34 мектептің құрылысы жүргізілуде. Шымкент қаласында «Жас-Дарын-3» мектебінің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Шаһар басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов аталған мектептің құрылыс жұмыстарының барысын тексерді. 300 орынға лайықталған мектеп 3 қабаттан, 12 оқу бөлмесі, 8 кабинет, асхана, спорт залы, мәжіліс залы, медициналық кабинеттен тұрады. Білім мекемесі оқу жылына 98 пайызға дайын. ...

Толығырақ »

ЕТ ӨНІМДЕРІН АРТТЫРУ МАҢЫЗДЫ ІС

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азық-түлік бағасын үнемі бақылауда ұстап, ет өнімдерін арттыруға бағытталған шаруашылықтардың өнімдерін делдалсыз саудалау үлесін арттыруды тапсырды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. 2022 жылдың I-жарты жылдығында ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 114,4 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,3 млн. АҚШ долларына артты. Тамақ өнімдерінің негізгі капиталына тартылған инвестицияның көлемі 2,3 млрд. теңгені ...

Толығырақ »

БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУДА 250-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІШІ ТЫҢДАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті тамыз айындағы бірыңғай қабылдауын өткізді. Қабылдауға 250-ден аса азамат келген болса, соның 170-ке жуығы қала әкіміне өтініштерін білдірсе, қалғаны басқарма мен аудан әкімдіктері деңгейінде қаралды. Тұрғындар негізінен тұрғын үй, әлеуметтік сала және инфрақұрылым мәселелері, заңсыз құрылыс жөніндегі талап-тілектерін жеткізді. «Түркістан» сарайында өткен біріңғай қабылдауда шахар басшысымен қатар қала әкімінің ...

Толығырақ »

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ БҰЗҒАН 9 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТОҚТАТЫЛДЫ

Шымкент қаласы бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Ермахан Қозыбаев 2022 жылдың 1-жартыжылдығында атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Ермахан Тастанбекұлы мемлекеттік-экологиялық бақылау, экологиялық реттеу бағытында, мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлардан хабардар етті. Есепті кезеңде департамент тарапынан 31 тексеру жүргізіліп, 139 әкімшілік іс қозғалған. Жалпы 41 млн теңгеден астам айыппұл салынған. – Қала прокуратурасымен бірлесе Шымкент қаласындағы бірқатар сауда базарларының экологиялық ...

Толығырақ »

Бизнес-жоспарыңды жүзеге асыруға асық

Осы қағиданы ұстанатын қала тұрғыны Азиз Бакибаевтың өз шеберханасы бар. Екінші топтағы мүгедектігі бар азамат денсаулығын алға тартатын жан емес. Азиздің қолынан келетін ісі – көлік жөндеу, ұрылған көліктерді түзеу, сырлаумен айналысу. Бастапқыда цех ашу үшін құрал-жабдықтардың керегі айтпаса да белгілі. – «Атамекен» палатасында кәсіпкерліктің негіздерін оқып, серификатқа ие болдым. Бизнес-жоспарымды қорғау қиын болған жоқ. Өйткені, бұл менің сүйікті кәсібім ...

Толығырақ »

ЕҢБЕКТІҢ КӨЗІН ТАПҚАН

Елімізде кәсіпкерлікпен айналысуға мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолайлы жағдай жасалған. Осы ретте талай жанның арманын ақиқатқа айналдырған «Бастау Бизнес» жобасының орны ерекше. Аталған жоба соңғы жылдары халықтың бизнеске деген қызығушылығын оятып, талай жанның кәсібін өрге өрлетті. Шымкенттік Сәуле Құдайбергенова мемлекеттік гранттың арқасында өзінің шағын кәсібін бастаған. Қазіргі таңда кәсіпкер аяғы ауыр аналарға арналған жастық шығарып жатыр. Бұл – сұраныстағы зат. Тігіннен ...

Толығырақ »