Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ (страница 16)

Болашақ

100-ДЕН ЖОҒАРЫ БАЛ ЖИНАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында  ҰБТ-дан 100-ден  жоғары балл  жинаған оқушылар саны  4113-ке жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 675 оқушыға артық.  Ал, 100-ден 120 балға дейін жинағандар саны – 3004,  121 мен 140 бал аралығында жинағандар – 1109 оқушыны құрады.  Бұл туралы бүгін Ұлттық бірыңғай тестілеу мен қабылдау емтихандарының қорытындылары талқыланған ҚР Үкіметінің кезекті селекторлық отырысында белгілі болды. Жиынға облыс әкімі Ж.Түймебаев ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ АШЫЛҒАН ҮШ НЫСАН

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкентте облыс әкімінің орынбасары Ербол Садырдың қатысуымен отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтарға «Көмек» оңалту орталығы мен медициналық-психологиялық оңалту және әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталықтары ашылды. ҚР Бас прокуратурасының «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасының мақсаты — отбасындағы жанжалдарға тосқауыл қойып, шаңырақ ынтымағын сақтау болып табылады. Ең алдымен, жұмысшы топ шаһарда бүгіннен бастап жұмысына кіріскен «Дағдарыс орталығының» ашылуын тамашалады. ...

Толығырақ »

ГРАНТ ҰТЫП АЛДЫ

Қазақстанда алғаш рет қолға алынған «Жастар корпусын дамыту» жобасына Кентау қаласынан 18 жоба іріктеліп алынып, 1 млн. теңге грант ұтып алды. Жас проект жобасының А және С тобына өткен жастар 9 болса,  В тобына өткен жастар 9 азаматты құрады. А тобының қатысушыларына өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту және жобаларды басқару бағдарламасына қатысу, сондай-ақ өзінің кіші жобасын грант есебінен іске асыру, ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІҢ ОЙЫНШЫҚТАРЫ

Шымкент қаласындағы «Наурыз Пластик» сауда белгісінің өнімдері енді шетел нарығында саудаланбақ. Жергілікті нарықта бірнеше жыл бұрын пайда болған бұл кәсіпорын өнімдері соңғы уақытта кең сұранысқа ие болған. Бүгінде зауыт ойыншық көліктің 10 түрі мен құрастырғыштың 5 түрін шығарады. Өнімнің әр бөлшегі жеке-жеке дайындалып, соңынан құрастыруға жіберіледі. «Қазақстанда жасалған» тауар белгісі бар ойыншықтар Шымкент қаласының базарлары мен облысымыздың барлық аудандарында сатылуда. ...

Толығырақ »

ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Оңтүстіктің жастарына солтүстік облыстарда тегін оқуға мүмкіндік беретін «Серпін» жобасына құжат қабылдау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Биыл жоба аясында Солтүстік, Шығыс, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Атырау облыстарындағы жоғары және орнаулы орта оқу орындарына  4513 грант бөлінген.  Оның 3793-і жоғары оқу орындарына, қалғаны колледждерге бөлініп отыр. Айта кету керек, бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысынан 5627 жас осы жоба ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚ ЖҰРТЫ: МӘМБЕТТІК ПЕН МӘҢГҮРТТІК

Мәселенің мән-жайы түсінікті болуы үшін «мәмбет», «мәңгүрт» сөздерінің шығу төркіні мен қолдану аясын саралап қарайық. Мәмбет – адамның есімі. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың құрметіне қойылған есім болғандықтан халық арасында ерекше қастерленеді. Арабтың «хәмд» мақтау деген сөзінен шыққан. «Мұхәммәд», «әхмәд» сөздері мақтаулы, мадақтаулы деген мағынаны білдіреді. Қазақ ішіндегі Махамбет, Мәмбетәлі, Ахмет есімдері де осы сөзбен төркіндес. Мәмбет есімімен тарихта қалған ірі тұлғалар ...

Толығырақ »

ЭКСПО-ДА ОҚО ФОТОКӨРМЕСІ ӨТТІ

ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының фото-көрмесі өтті.  Көрмеге қойылған 25 фото суретте  Қ.А.Яссауи және Арыстан баб, Қарашаш ана кесенелері, көне Отырар мен Сауран қалалары, Ақмешіт үңгірі, «Алаш» этно ауылы, этно-орталық бейнеленген. Экспозицияға күнгейдің тамаша табиғатының фотосуреттері де еніп отыр. Фото-көрмеге ЭКСПО комиссарлары, комиссарлардың орынбасарлары, көрмелердің халықаралық бюросының делегаттары мен павильон директорлары, дипломатиялық өкілдік басшылары, халықаралық ірі компаниялардың ...

Толығырақ »

ҮШ КЕЗЕҢДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Түркістан қаласын әлемдік деңгейдегі тарихи-мәдени орталық ретінде дамыту үшін әзірленген  «Көне Түркістан» концепциясы 3 кезеңде жүзеге асырылатын болады.  Көне шаһардың 99,6 гектар жер аумағын қамтитын концепцияның басты бағыттарының бірі – туристік индустрияны дамыту болып белгіленіп отыр.  Бүгін бұл туралы аймақтық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсірбаев мәлім етті. Қала басшысының айтуынша,  Түркістанға биылғы жылдың 6 айында 678 ...

Толығырақ »

ОҢАЙ ЖОЛЫН ОЙЛАП ТАПТЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ұйымдастырған «Хакатон» хакерлік марафонының жеңімпаздары анықталды.  Шымкенттік өнертапқыш Қуаныш Рысқұлов латын қаріпіне көшу кезінде кездесетін қиындықты жеңетін әдісін ұсынып, 1 млн теңгені қанжығасына байлады. Естеріңізге сала кетейік, ІТ мамандары арасында өткен конкурс облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен осыдан бір ай бұрын жарияланған болатын. «Хакатон» марафоны Елбасы саясатын қолдау мақсатында қолға алынған жоба. Шараға  студенттер, оқушылар, жас өнертапқыштар мен ...

Толығырақ »

ЖЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Мақтаарал ауданында жер реформасын жергілікті тұрғындарға түсіндіру, ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік үшін қолданылып жатқан жерлерді тиімді пайдалану мақсатында арнайы семинар-кеңес өтті. Жиынға Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Садыр, Мақтаарал ауданының әкімі Ғ.Исмаилов, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов және ауыл әкімдері, бөлім басшылары қатысты. Шараның негізгі мақсаты — жер мәселесіне қатысты салада атқарылып жатқан жұмыстарды талдау. Облыстағы жер ...

Толығырақ »

ЖАУШЫҚҰМДЫҚ ЖАСТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ КӨП

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданындағы Жаушықұм ауылының жастары үшін жұмыссыз қарап жату деген жат тірлік. Әсіресе, диқаншылықты жанына жақын тұтқан жас жігіттер қыс аяқталысымен-ақ егістік алқапқа шығып, қарекетке кіріседі.  Биыл ауылдағы 15 белсенді жас өзара бірлесіп, егіс бригадасын құрды.  Сөйтті де теңіз жағасындағы бос жатқан жерді жыртып, жамылғы астына қарбыз екті. Нұрсұлтан Есенбеков бастаған белсенді жастар бригадасы кешегі аптада алғашқы ...

Толығырақ »

ОТАРЛАУ ОЗБЫРЛЫҒЫ

Басқыншылардың қорқау тәсілі – басып алған жер-судың ежелгі атын лезде өзгертіп, ел-жұрттың есінен шығарып жіберу. Сондай мысалдың бірі – Медео. Алматыны Верный дегеннен әрең өзгерткенде, Медеу шатқалын көпке дейін түзете алмай-ақ қойдық. Марқұм Тельман Жанұзақов “Правда” газетінің меншікті тілшісі бола салысымен ең үлкен газеттің бетінде осы оспа­дарсыздықты әшкереледі. Сөйтіп, Медеу қал­пына келтірілді. Бұл рет­те Тельман Қасым бауы­рының батыл­дығына пара-пар келе­тін ...

Толығырақ »

ТАУ БАУРАЙЫНДА БАС ҚОСТЫ

Бәйдібек ауданы, Алмалы ауыл округі, «Болашақ» лагеріне облысымыздағы түрлі ұлт өкілдері жастарының қатысуымен, айтыскер ақындарды, қолөнер шеберлері мен талантты жастарды қолдауға және оларды ынталандыруға бағытталған «Оңтүстік өнерлі өрендері» атты облыстық жастар лагері ұйымдастырылды. Лагерь бағдарламасының аясында 15 аудан-қалалардан келген өнерлі жастар қолөнер және сурет салу, айтыскер ақындар мен жазба ақындар және дәстүрлі ән бағыттары бойынша топтық семинарларға қатысып, сала бойынша ...

Толығырақ »

«AZALA COTTON» ТОҚЫМА ИІРУ-ШИРАТУ ФАБРИКАСЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Еліміздегі тоқыма өндірісіндегі көшбасшылардың бірі — «OxyTextile» ЖШС-і  жұмыс аясын кеңейтті.  Бұл мақсатта «Azala Cotton» мен «OxyTextile» ЖШС-і  барлық мүліктік кешенін біріктіріп,  «Azala Cotton» ЖШС болып қайта құрылып отыр. Айта кетейік,  «Azala Cotton» ЖШС фабриканың қызметін қайта жандандыру бойынша 2017 жылдың наурыз айында инфрақұрылым, құрал жабдықтар және өндірістік циклді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген болатын. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ...

Толығырақ »

95 ТҮЛЕККЕ ЖОО-ҒА ТЕГІН ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ

Оңтүстік Қазақстан облысында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп бітіруші 95 түлекке жоғары оқу орындарында тегін білім алу үшін жолдама берілді. Мектеп шәкірттерінің үлкен өмірге қадам басқалы отырған қуаныштарымен бөліскен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев оқушыларға сәттілік тілеп, игі бастамаға қолдау көрсеткен жоғары оқу орындарының басшыларын алғыс хатымен марапаттады. «Соңғы жылдары  қалыптасқан игі дәстүр бойынша  облыстағы  жоғары оқу орындары  сіздерге қол ...

Толығырақ »

ЖАҢА СУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам ауданында «Манкент» шағын су электр станциясы іске қосылды. Халықты тұрақты әрі сапалы электр энергиясымен қамтитын су электр станциясының ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен «Ақсу-Энерго» ЖШС-нің директоры Анарбек Орман қатысты. «Ақсу Энерго» ЖШС-нің бұл жобасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қолдау тапқан. Бұл станция жылына 2,5 МВт  электр қуатын өндіруге қауқарлы. Жоба құны 283 ...

Толығырақ »

Ж.ТҮЙМЕБАЕВ: ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ — РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындаған қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті. Жиынға облыс әкімі Ж.Түймебаев, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, белсенді жастар қатысты. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің конференц залында өткен жиында алғашқы сөзді облыс әкімі Ж.Түймебаев бастап, Елбасының бұл мақаласы – ...

Толығырақ »

ҒАРЫШ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ ҮШІН

Астанада, Ұлттық ғарыш орталығында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ қолдауымен ғарыш саласының мамандарын сапа менеджменті жүйесі және ғарыштық өнім мен қызметтер нарығын талдау жөнінде қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша оқыту семинарлары өтуде. Семинарлардың мақсаты – ғарыш саласының инженерлік-техникалық, ғылыми және басқа мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру арқылы ғарыш саласын кадрлармен қамтамасыз етуді дамыту. Бұл ретте семинарлардың негізгі міндеті ғарыш ...

Толығырақ »

EXPO КӨРМЕСІН 2250 ОҚУШЫ ТАМАШАЛАДЫ

Шымкент қаласынан  Астанада өтіп жатқан айтулы халықаралық көрмеге оқушылардың тоғызыншы легі аттанып кетті. Шымкент қалалық білім бөлімі басшылығының мәліметінше, жолға шыққан оқушыларға бар жағдай жасалып отыр. Әрбір 10 балаға бір жетекші мен 2 дәрігер  маман  бекітілген. Ал Астанаға жеткен соң, оқушылар Назарбаев оқу орнының жатақханасына жайғасады. Ас мәзірі де аталған оқу орнының асханасында үлестірілуде. Саяхаттың алғашқы күнінде белсенді топ көрменің ...

Толығырақ »

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНА ТАРТЫЛАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында студент жасақтары құрылыс жұмыстарына кірісіп кетті. Жазғы демалыста 500 студент өңіріміздегі құрылыс нысандарында еңбек етіп,  мердігер компанияларға қолғабыс ететін болады.   Бүгін  бұл туралы Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында өткен жұмыссыз жастарды еңбекке тарту мәселесі жөнінде кеңейтілген мәжілісте айтылды. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Қ.Жамашев төрағалық еткен шарада  жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен мердігер мекеме  басшылары және М.Әуезов атындағы ...

Толығырақ »

ЖОЛ АШЫЛДЫ

Оңтүстік Қазақстанда халықаралық маңызы бар М-39 «Ташкент – Термез» бағытындағы автомобиль жолы мен «Сырдарья» өткізу бекеті ашылды. Қатынас жолы мен арнайы бекеттің салтанатты ашылу рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, Өзбекстан Республикасының вице-премьер министрі Улықбек Розакулов және Сырдария облысының әкімі Гофуржон Мирзаев пен ҚР Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаев ...

Толығырақ »

104 ЖАСАР АҚСАҚАЛДЫҢ ӨСИЕТІ

1. Айналаңдағы тіршілікті жан-жүрегіңмен көруді үйрен, көз көргеннің бәріне қуана біл – шөпке, ағашқа, құсқа, жануарға, жерге, көкке. Оларға мейірімді көзбен, сезімтал жүрекпен қара – сонда кітапта жазылмаған білімді көресің. Сен олардан өзіңді көресің – жуасыған әрі жаңарған өзіңді. 2. Жылдың кез келген уағында бірнеше минут жерде жалаңаяқ тұруды әдет қыл. Жер өзі шақырып алмай тұрғанда тәніңе жердің лебін сездір. ...

Толығырақ »

Әкесі ұлына мына сөздерді айтсын!

1. Адамдармен амандасқанда, бетпе-бет сөйлескенде, көзіне тік қара. Қолын алғанда, сенімді бол. 2. Ата-анаңды сыйла. 3. Қызметіңе жауапкершілікпен қара. Есіңде болсын: әлемдегі барлық жұмыс маңызды. Біреудің лауазымы сенен төмен болса, сөзбен тілме. 4. Алдыңдағы істі өзіңнің жасай алатыныңды білсең, өзгені мазалама. Мұнымен көп нәрсеге қол жеткізесің. 5. Бауырмал бол. Қолыңнан келгенше, адамдарға көмектес. 6. Нәзік жандыларды және олардың таңдауын сыйла. ...

Толығырақ »

ЖАСТАРЫМЫЗ ЖІГЕРІН ЖОҒАЛТПАСЫН!

  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздік алған жылдардан бері өскелең ұрпақтың болашағына үлкен үмітпен қарап, жастарға үнемі қолайлы жағдайларды арттырып келеді. Бүгінде қазақстандық жастардың бейбіт өмірде, әлемнің кез келген мемлекетімен терезесі тең дәрежеде өмір сүруіміз осының айғағы болып табылады. Облыстағы жастардың саны – 762 124 адамды немесе облыс халқының жалпы санынан 26,8 пайызын жастар құрайды. Оның ішінде: ерлер – 389 ...

Толығырақ »

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ!

Қазақ халқы үшін атадан балаға жалғасқан ұрпақтар сабақтастығы қашанда айрықша мәнге ие. Себебі, кез келген адам алдыңғы аға буыннан көргенін көкейге түйіп өседі. Менің де құқық саласына деген қызығушылығым «Әке көрген оқ жонар…» деп қазақтың ғибратты тәмсілінде айтылғандай, әділеттің ақ туын көтерген ата жолынан бастау алады. Тегінде, құқық саласының кәсіби маманы болу деген ақжолтай арманның кірпіші сол отбасындағы тәлімді тәрбиеден ...

Толығырақ »