Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЖАҢА СПОРТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС

ЖАҢА СПОРТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС

«Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасы аясында Төлебидегі «Тау самалы» оқу-сауықтыру лагерінде жасөспірімдер Street Workaut-тан сайысқа түсті.
Іс-шара мақсаты – Street Workоut спорт түрін оқушылар арасында кеңінен насихаттап, басқа да жаман қылықтардан бойын аулақ ұстауға септігін тигізу болатын. Street Workout – бұл жаңа спорттық қозғалыс. Пайда болғанына көп уақыт өтпесе де, бүгінде спорттың бұл түрі елімізде қарқынды дамуда. Оның кең таралуына жаттығудың қолжетімділігі оң әсерін тигізіп отыр.
Осыған орай, «Тау самалы» лагерінде аталмыш спорт түрі бойынша 10 адамнан құралған ерікті шараға жиналған жастар мен қала тұрғындарына сынып шеберлігін көрсетіп, жасөспірімдердің спортқа қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар, бір топ шымыр жігіттер мен қыздар Street Workout-тан сайысқа түсті. Ашық аспан астында айқасқан воркаутерлер Нұрхан Әбдуманап, Нұрсұлтан Құдайберген, Елнұр Төребай, Несібелі Пернебай, Нұрзада Жанжігіт, Назерке Биболат ерекшелік танытты.
Іс-шара барысында жасөспірімдерде өз күштерін сынап аспалы турниктерде шынығып көріп, бос уақыттарын тиімді өткізді.

Лаура Сапарбекова

Пікір жазу