Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Саясат (страница 9)

Саясат

ПСИХИАТРИЯ ОРТАЛЫҒЫНА ТҮСТІ…

Азаматтық белсенді Валерий Карпусевич Алматыдағы психиатрия орталығына тексеруге жіберілді. Полиция «бұл – тергеу барысындағы қажеттілік» десе, әйелі «қоғамдық белсенділігі үшін қысым жасау» деп санайды. Астаналық азаматтық белсенді Валерий Карпусевичтің желтоқсанның 10-ынан бері Алматыдағы Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығында тексеруден өтіп жатқаны белгілі болды. «Желтоқсанның 8-і күні Сәтпаев қаласында қоғамдық істермен шұғылданып жүрген Валерий Геннадиевичті (Карпусевичті – ред.) полиция ...

Толығырақ »

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АДАМДАРДЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

Қадірлі достар! Кеше «Ratel» сайтында жарияланған менің атыма байланысты негізсіз айыптаған материалға орай өз ойымды білдіруді жөн санаймын. Біріншіден, облыстық ішкі саясат басқармасы баспасөз қызметіне тікелей бағынышты мекеме емес. Бұл мемлекеттік құрылым жүйесіне орай тиісті басшылармен басқарылады. Сондай-ақ, бұл мекеменің аясындағы ешқандай комиссияға да мүше емеспін. Менде, яғни баспасөз хатшысында мемлекеттік сатып алу жүйесіне ықпал ететіндей құзырет пен құқық жоқ. ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ «ТЕМІРЛАНТАС» ЖОЛЫ БАР ЕКЕН!..

Шымкент қаласы әкімдігінің Facebook-тағы қатеден бас көтертпейтін парақшасында 1-ақпаннан кейін бір жетіден соң бір-екі ақпар жарияланды-ау, әйтеуір. Сол жазбалардың бірінде «ауызсу тарту», «ауызсуға қол жеткізді», «құрылысы барысында», «ауыз сумен қамтылған» тәрізді «тамаша» тіркестермен қоса, «магистралды», «Темірлантас» секілді «әдемі» сөздер бар. «ГРАМОТЕ НЕ ЗНАЕТ, А ЦИФИРЬ ТВЕРДИТ» «Сапалы ауызсумен қамтамасыз ету деңгейі 96 пайызға» жететіні қуантарлық жайт, әрине. Дегенмен, «ресми өкілдердің» ...

Толығырақ »

ТӨРТ БАСҚАРМАНЫҢ АТАУЫ ӨЗГЕРТІЛДІ

Оңтүстік Қазақстанда облысты басқару схемасы негізінде 23 басқарманың кейбірінен бірқатар міндеттер алынып 4 басқарманың атауы қайта ауыстырылса, туризмді дамыту және тартылатын сыртқы инвестицияның көлемін арттыру мақсатында жаңа басқарма құрылды. Аталған басқармалардың атауын өзгертіп, жаңа басқарманы құру туралы шешім өткен жылдың қазан айында өткен облыстық мәслихат сессиясында бекітіліп, облыс әкімінің қаулысымен құрылып отыр. Атап айтсақ, облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм ...

Толығырақ »

БАС РЕДАКТОРЛАР КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында «Өңірдегі ақпараттық саясатты жүргізудің басым бағыттары» деген тақырыппен облыстық бас редакторлар клубының отырысы өтті. Облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековтың төрағалығымен өткен шараға республикалық және облыстық БАҚ өкілдері қатысты. Жиында Президенттің Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы, «Рухани Жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласы және Астана қаласының 20 жылдығы аясында атқарылатын шаралар талқыланды. ...

Толығырақ »

ЖАҢА ӘКІМ ЖАМБЫЛДЫ ҚАЛАЙ ЖАҢҒЫРТПАҚ?

Жамбыл облысына жаңа әкім Асқар Мырзахметов келгелі  бері, ел арасында әртүрлі әңгіме желдей есіп жүр. Біреулер «Асқар Исабекұлы, іскер азамат. Таразды тотыдай тірлендіреді, білікті мамандарды қалдырып, қалғандарын қызметтен кетіреді» десе, енді екіншілері «Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы  өңір тізгінін алды дегенше, шымкенттіктер  Жамбылға тұтастай көшіп келеді  дей бер» деп өздерінше болжам жасауда. Негізі халықты мұндай ойға қалдырғаны су жаңа әкім қызметке ...

Толығырақ »

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАҢА ӘКІМІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Мемлекет басшысының жарлығымен Жамбыл облысының әкімі болып Мырзахметов Асқар Исабекұлы тағайындалды. Бұдан біраз бұрын алты жыл қатарынан Оңтүстік Қазақстан облысын басқарып кеткен Асқар Исабекұлы облыс орталығы Шымкентті – үшінші мегаполис аталатын дәрежеге дейін жеткізген болатын. Кім біледі, ертең-ақ көне Тараз қаласы да мегаполистер қатарына қосылып қалуы әбден мүмкін ғой! Асқар Исабекұлына жаңа қызметінде табыс тілейміз! Жамбылдықтар мен оңтүстікқазақстандықтарға құтты болсын ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері Құрметті қазақстандықтар! Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде. Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, «Қазақстан – 2050» даму стратегиясын қабылдадық. Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойдық. 100 ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНА ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕСІ

Қымбатты отандастар! Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды. Еліміздің 2050-ші жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылуда. Жүз нақты қадам Ұлт жоспары аясында біз реформаларды жүргізіп келеміз. Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Біз конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастадық. Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы ...

Толығырақ »

«ТƏУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫН БЕКІТКЕН ЕЛБАСЫ»

Шымкент қаласындағы «Shymkent Plaza» сауда ойын-сауық орталығында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған «Тəуелсіздік тұғырын бекіткен Елбасы» атты фото көрме ашылды. Президент күніне арналған іс-шараның барысында Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бүгінге дейін еліміздің тұрақты дамуына негіз болып келе жатқан Мемлекет басшысының саясаты мен идеясының айналасына қоғамды топтастырғандығының айғағын көрсететін, Тəуелсіздік жетістіктерін бейнелейтін шамамен 50-ге жуық сурет ұсынылды. Сондай-ақ, көрмеде Ұлт ...

Толығырақ »

ЖАҢҒЫРУ ТҮРКІСТАННАН БАСТАЛУ ҚАЖЕТ

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков Түркістан қаласына жасаған сапары барысында Елбасы айтқан ұлттық сананың жаңғыруы осы рухани қаладан басталу қажеттігін айтты. Жұмыс сапары аясында Ұласбек Сәдібекұлы бастаған арнайы топ ең алдымен №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясының жаңартылған білім беру мазмұны бойынша апробациядан өтуін пысықтады. Мұнан соң, Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жаңа спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысты. ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті шымкенттіктер және қала қонақтары! Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқан ширек ғасырдан астам уақыт ішінде еліміз күллі әлем танып, мойындаған еңселі мемлекетке айналды. Еліміздің бұл жеткен жетістігі мен шыққан биігі сөз жоқ егемендігіміздің, бірлігіміз бен тұтастығымыздың беріктігін айғақтайтын айқын дәлел. Сондықтан бұл мереке –Тәуелсіздігімізді тұғырлы етіп келе жатқан мемлекетіміз ...

Толығырақ »

ОҚО ӘКІМІ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті жерлестер! Баршаңызды халқымыз үшін маңызы зор мереке – Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын. 1 желтоқсан – Қазақстанның тәуелсіздік алуына, ел еңсесінің көтерілуіне, халық арманының орындалуы мен мемлекетіміздің қарқынды дамуына іргетас болып қаланған күн. Бүгінгі мереке еліміздің тарихи таңдау жасап, тағдырлы шешім қабылдаған – Қазақстан Республикасының Президентін алғаш рет сайлаған күні. Осындай тағылымды мейрам қарсаңында облыс аумағында көптеген игі ...

Толығырақ »

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ

Оңтүстік Қазақстан облысында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық – қайырлы іс» форумы өтті. Облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен игі шараға облыстық мәслихаттың депутаттары, кәсіпкерлер, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенді мүшелері, облыстық ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері және өңір тұрғындары қатысты. Қайырымды жандардың басын қосқан шараның басты мақсаты көпшіліктің демеуімен науқас ...

Толығырақ »

ЕЛБАСЫ – ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күні Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалап, болашаққа бағыт-бағдар беруде Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ерекше. Өткенді еске алып, тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991 жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының ...

Толығырақ »

ОҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ТҮЛКІБАСТА БОЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков жұмыс сапарымен Түлкібас ауданында болды. Сапары барысында әкім орынбасары Тұрар Рысқұлов ауылындағы тарихи-өлкетану мұражайы мен мұрағаттың жұмысымен және 700 бала білім алып жатқан Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің тыныс-тіршілігімен танысып, колледж оқытушыларымен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында әңгіме өрбіді. Сондай-ақ, ол Ақбиік ...

Толығырақ »

ПАВЛОДАРДАН ҮГІТ-НАСИХАТ ТОБЫ…

Оңтүстік Қазақстан облысында халықты өз еркімен жұмыс күші жетіспейтін солтүстік өңірлерге көшіру жұмыстары жанданып келеді. Үгіт-насихат жүргізу мақсатында өңірімізге Павлодар облысынан бір топ делегация келді. Топ құрамында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалының басшысы Заут Болат, Ақсу қаласы, Қалқаман ауылдық округінің әкімі Орда Ермекбаев, Екібастұз қаласы, Солнечный ауылдық округінің әкімі Маржан Алшимбаева, Ақсу қаласы, Қызылжар ауылдық округінің әкімі Жеңіс Әбікен, ...

Толығырақ »

ШЕТЕЛДІК ЖЕТЕКШІ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәдениет және өнер тақырыптары бойынша маманданған шетелдік жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті. Елімізге ҚР Сыртқы істер министрлігінің шақыртуымен келген делегация құрамында Америка Құрама Штаттары «Forbes» журналының өкілі Aлександр Липовсев, Ұлыбританияның «Opera Now» журналының өкілі Н.Джоунс, Оңтүстік Африка Республикасының «The Diplomatic Society» журналының өкілі Бхана Киртан, Египет елінің «Нил-Культура» телеарнасының өкілі Ахмед Фатма, италиялық ...

Толығырақ »

ҚЫТАЙЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ТҮРКІСТАНҒА БАРДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы орталығы Шымкент қаласында өтіп жатқан «Ontustik Tourism. Invest 2017» туристік және инвестициялық форум аясында қытайлық делегация Түркістан қаласына барды. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бастаған топ әуелі ұлттық өнерді тамашалады. Шетелдік қонақтар халықтық кәсіп пен қолөнер бұйымдарын көріп, қазақ ұлттық әндеріне тамсанды. Көне шаһар тарихымен танысты. Өңір басшысы Түркістан қаласының биылғы 2017 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы атанғанын ...

Толығырақ »

ОҚО ӘКІМІ БҰҰ ХАЛЫҚТЫҢ ҚОНЫСТАНУЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚОРЫНЫҢ ӨКІЛІ ДЖУЛИЯ ВАЛЛЕЗЕМЕН КЕЗДЕСТІ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев БҰҰ халықтың қоныстануы саласындағы ЮНФПА қорының Қазақстандағы өкілі Джулия Валлеземен кездесті. Кездесу барысында тараптар ана мен бала өлімін азайту, гендерлік теңдікді сақтау, тұрмыс жағдайындағы зорлық-зомбылықты болдырмау жөнінде өзара пікір алмасты. Сондай-ақ тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысынан аталған қордың өкілдігін ашу мәселелерін талқылады. Өз кезегінде сөз алған өңір басшысы Джулия Валлезені жаңа қызметімен ...

Толығырақ »

ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэмен кездесті. Кездесу барысында тараптар өзара әріптестік механизмдерін талқылап, екі жақты қарым-қатынасты дамыту жөнінде пікір алмасты. Қазақстан мен Франция арасында түрлі салада тығыз байланыс орнап, дамығанын айтқан аймақ басшысы екі елдің сауда-экономикалық әріптестік байланысы бойынша 5-орында келетінін атап өтті. «Қазақстан негізінен мұнай, металл мен металл өнімдерін, химиялық ...

Толығырақ »

ДӘСТҮРЛІ «ҚАЗАҚ ДАСТАРХАНЫ» ФЕСТИВАЛІ

Оңтүстік Қазақстан облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында этномәдени бірлестіктердің қатысуымен дәстүрлі «Қазақ дастарханы» фестивалі өтті. Өткен жылдары қазақтың ұлттың тағамы ет асудан шеберліктерін танытқан этнос өкілдері биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қолдау білдіріп, қазақтың ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдарын дайындаудан өзара сайысқа түсті. Фестиваль аясында төңкерме, жөргем, жоңқа, көмбе, үлпершек, бұқпа, қарын бөртпе, мипалау, қазан жаппа, құрт көже сынды қазақтың ұлттық тағамдарын ...

Толығырақ »

ГЕРМАНИЯНЫҢ ЕЛШІСІ РОЛЬФ МАФАЭЛМЕН КЕЗДЕСТІ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Германия Федеративті Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рольф Мафаэлмен кездесті. Кездесу барысында қос тарап өзара ынтымақтастық тетіктері жайын талқылап, екіжақты қатынастарды дамыту туралы пікір алмасты. Өңір басшысы Германияны Қазақстанның Еуропадағы саяси және экономикалық әріптесі деп санайтындығын, барлық салада ынтымақтастық байланысты дамытуға ынталы екендігін жеткізді. Сондай-ақ, әкім биылғы жылдың 9 айында Оңтүстік Қазақстан облысы мен ...

Толығырақ »

ҰЛТТЫҚ САНАНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ

Латын әліпбиі – заман талабы. Бүгінгі таңда оның маңызы аса зор. Жаңа технология да, болашақ инновация да латын тілінде. Ендеше көштен кеш қалмауымыз үшін барлығымыз атсалысуымыз қажет. ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ғалым Ақжол Қалшабек осылай мәлімдеді. Мемлекет басшысы ағымдағы 2017 жылдың 27-қазанында қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлық негізінде 2025 жылға дейін ...

Толығырақ »

СӘУЛЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев түркі әлемі инженерлер және сәулетшілер одағы мүшелерін қабылдады. Кездесуде тараптар сәулетшілік және қала құрылысы жобаларын әңгімелеп, түркі әлемінің ежелгі сәулет өнері ескерткіштерін сақтауға және оның бүлінуін болдырмау, құрылысты салу барысында ежелгі дәстүрлері мен заманауи ұстанымдарын үйлесімді ықпалдастыру жайын сөз етті. Оңтүстік — Қазақстанның шуақты бөлігінде орналасқан халқы еңбекқор әрі қонақжай өңір екенін айтқан аймақ басшысы, ...

Толығырақ »