Шымкент қаласы әкімдігінің Facebook-тағы қатеден бас көтертпейтін парақшасында 1-ақпаннан кейін бір жетіден соң бір-екі ақпар жарияланды-ау, әйтеуір. Сол жазбалардың бірінде «ауызсу тарту», «ауызсуға қол жеткізді», «құрылысы барысында», «ауыз сумен қамтылған» тәрізді «тамаша» тіркестермен қоса, «магистралды», «Темірлантас» секілді «әдемі» сөздер бар.
«Сапалы ауызсумен қамтамасыз ету деңгейі 96 пайызға» жететіні қуантарлық жайт, әрине. Дегенмен, «ресми өкілдердің» сауаттылық деңгейі сол 96 пайызға қашан жетер екен?
Ә.Ә.