Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті шымкенттіктер және қала қонақтары!

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқан ширек ғасырдан астам уақыт ішінде еліміз күллі әлем танып, мойындаған еңселі мемлекетке айналды. Еліміздің бұл жеткен жетістігі мен шыққан биігі сөз жоқ егемендігіміздің, бірлігіміз бен тұтастығымыздың беріктігін айғақтайтын айқын дәлел. Сондықтан бұл мереке –Тәуелсіздігімізді тұғырлы етіп келе жатқан мемлекетіміз үшін маңызы мол, тарихи тағылымы терең мейрам.

Қазақстан өзінің егемендік тарихында әлеуметтік-экономикалық, мәдени жетістіктерімен дараланып, Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, «Болашақ», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары мен басқа да тарихи маңызы зор құжаттарын дәйекті түрде жүзеге асыра отырып, әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылуға қарышты қадам басуда. Биыл елордамыз Астанада табысты өткен «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі Тәуелсіз Қазақстанның тұғырын тағы да биіктетіп, әлемдік аренадағы беделін асқақтата түсті. Еліміздің барлық жетістіктері мен жеңістері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тегеурінді және дана басшылығы мен әрбір қазақстандықтың табанды да тынымсыз еңбегінің арқасында мүмкін болды.

Елбасы біздің Оңтүстік өңіріне және облыс орталығына әркез ерекше ықылас танытып келеді. Президенттің қолдауымен Шымкент еліміздің үшінші мегаполисі ретінде өркендеп, көркейе түсуде.

Қадірлі жерлестер!

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен мемлекеттігіміздің тарихы тамырлас, Президенттік институттың қалыптасу кезеңі өзектес. Біздің басты мақсатымыз – Елбасының төңірегіне топтаса отырып, «Мәңгілік Елдің» құндылықтарын қастерлеу, келешек ұрпаққа басты байлығымыз – Тәуелсіздігіміз бен тұрақтылығымыздың туын биік ұстап, табыстау.

Осынау мерейлі мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке тілеймін!

Нұрлан Сауранбаев,
Шымкент қаласының әкімі

Пікір жазу