Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2022 (страница 18)

Годовые архивы: 2022

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Түркістан қаласында «25 қазан – Республика күні. Кеше. Бүгін. Ертең» атты дөңгелек үстел өтті. Келелі басқосуда Республика күні мерекесінің мән-маңызы, еліміздің тәуелсіздік жылдардағы негізгі жетістіктері, қоғамда тұрақтылықты сақтауға бағытталған мәселелер талқыланды. Жиынға ғалымдар, үкіметтік емес ұйым мүшелері, мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің, жастар қанатының өкілдері қатысты. Кездесуде алғаш болып сөз алған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев Қазақстанның егемендігі ...

Толығырақ »

САЙРАМ: НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен »- деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын сезіп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегендіктің белгісі. Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болу үшін жамандықты жат санау қажет. Осы мақсатта Сайрам ауданының орталығындағы Қайрат спорт кешенінде «Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы ұйымдастырылды. Аталмыш акция жастарды ...

Толығырақ »

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Түркістан облысы жауынгерлік өнер қауымдастығының құрметті президенті Әбілсейіт Дүйсебаев түркістандық спортшыларды қабылдады. Жуырда Арменияның астанасы Ереванда өткен спорттық самбо және жауынгерлік самбо күресінен және Болгарияның София қаласында әйелдер күресінен жастар арасында өткен Әлем чемпионатының жүлдегерлерін жеңістерімен құттықтап, алғыс білдірді. «Түркістан облысында 3 жылға жақын уақыт аралығында Олимпиадалық емес спорт түрлерін дамытуда ауқымды жұмыстар атқарылып, толағай табыстарға қол жеткіздік. Спортшылардың ...

Толығырақ »

«ТАРИХ БЕТТЕРІНЕ ҮҢІЛСЕК…» ТАҚЫРЫБЫМЕН ТАРИХИ ІС-ШАРАЛАР ТОПТАМАСЫ ӨТТІ

Түркістан қалалық кітапханалар жүйесінің бектіліген жылдық жоспарына сәйкес, қоғамдық маңызы бар «Тарих беттеріне  үңілсек…» топтамасымен жас оқырмандардың қатысуымен бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Іс-шаралар барысында ардагер аға буынның жасаған ерліктері, өмірлік тәжірибесі мол, кейінгі буынға берері көп ардагерлерімізбен кездесулер өткізілді. Алдыңғы толқынның әрбір өнегелі сөзі, тағылымды еңбектері кейінгі жастарға үлгі, бағдар іспетті. Біздің қоғамымызда ардагерлерге деген құрмет те ерекше. Сонымен қатар үлкеннің ...

Толығырақ »

КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК — КЕМЕЛ БОЛАШАҚ

«AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асырылып, өңірлерде жалғасын тауып келе жатқан өміршең жобалардың бірі «Кедергсіз келешек» болып табылады. Аталмыш жоба аясында Сайрам ауданында да айтарлық жұмыстар атқарылуда. «Дөңгелек үстел» басындағы дидарласуда аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Ғалым Медеуов күн тәртібіне қойылып отырған партиялық жобаның рөлін көтеріп, ықпалын арттыру мақсатында жергілікті атқарушы билік органдарымен бірлескен өзара ынтымақтастық пен іс-қимыл меморандумы рәсімделіп, қол қойылғанын ...

Толығырақ »

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданындағы бірнеше ауыл өкілдерін арнайы қабылдады. Мақсат – халықтың жер дауына қатысты ұсыныс-тілектерін тыңдау. Кездесуге жер саласына қатысты мекеме басшылары, Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев қатысты. Алдымен Жұмысшы, Сынтас және Қарабау ауылы тұрғындары атынан келген азаматтардың өтініштері тыңдалды. Азаматтар ұзақ жылдарға созылған жер дауының оң шешімі табылып келе жатқанын айта келе, енді сол қайтарылған ...

Толығырақ »

БОЛАШАҚҚА – ҮМІТ, ЖАСТАРҒА – СЕНІМ!

Сайрам ауданының белсенді жастарын қолдау мақсатында «Жастар – жырлайды» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл кездесуге бойында дарыны бар жастар қатысып өлең-жырларын оқып, тереңнен толғатып шыққан әз жырларын ортаға ұсынды. Жалпы адам баласына берілетін дарынды дамытып, оны бағалап ұстап тұрмаса қызуы басылып қалатыны тағы рас. Ал бұл дөңгелек үстел жастардың бойына азаматтық патриотизмді қалыптастырумен сыни ойлау, анық және нақты сөйлеуге аналитикалық ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ – ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ ӨЗЕГІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясындағы халықпен кездесулер жалғасуда. «AMANAT» партиясы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық филиалының мүшелері Бадам тұрғын алабының тұрғындарымен жүздесті. №97 мектепте өткен жиынға білім ошағының ұжымы мен жергілікті тұрғындар қатысты. Президент Жолдауында берілген тапсырмалардың еңбек адамына тиер игілігі сөз болды. – Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жасаған Жолдауында экономикалық және әлеуметтік тақырыптарға баса назар аударды. Мысалы, ...

Толығырақ »

ЖОЛДАУ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ТҰСТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

«АMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалыда Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау жөнінде кәсіпкерлермен кездсу өтті. Отырысты «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Экономикалық даму және кәсіпкерлікті қолдау қоғамдық кеңес төрағасы М.Абдукаримов жүргізді. Жиынға Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Т.Дербіс, «АТАМЕКЕН» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары М.Өткелбаев және шаһардағы кәсіпкерлер, ...

Толығырақ »

«ШЫМКЕНТ МАЙ» КӘСІПОРЫНЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫЛАРЫ ЖОЛДАУ ЖАЙЛЫ ОЙЛАРЫН ОРТАҒА САЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласындағы «Шымкент май» акционерлік қоғамында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын іске асыру аясында жұмысшылармен кездесу өтті. Кездесуде Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Рүстем Әшетаев Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіріп, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. –Бұл Жолдау Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының кезең-кезеңімен ойдағыдай ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

19-қазан – құтқарушылар күні. Осыған орай Түркістан қаласы әкімдігінің ғимаратында Құтқарушылар күніне» арналған салтанатты іс-шара өтті,-деп хабарлайды,-деп хабарлайды didarbek.kz Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз  қызметіне сілтеме жасап. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары  Байдулла Оразбеков және Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Арман Алпысбаев қатысты. Өз сөзінде қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков «Құтқарушы қарапайым болғанымен қоғам алдында мәртебесі жоғары. ...

Толығырақ »

САЙРАМ: БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

Сайрам аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері ҚР Президентінің жолдауын толыққанды түсіндіру бойынша білім беру саласының өкілдерімен «Сапалы білім беру жүйесі» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуде ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Ә.Байназар, Б.Айтбаев, А. Ұзақова, Ұ.Оразбаева болашақтың жарқын болуы үшін жасалып жатқан жұмыстар аясында кеңінен айтып, ынтымақ пен бірлікті бекем ұстану және білімді ұрпақ қалыптастырудағы басты мәселелерді баяндады. Кездесу барысында Базарбай Мамадиярұлы: 2022 жылдың 1 ...

Толығырақ »

«Ең басты құндылық-адам капиталы»

«25 қазан-Республика» күніне орай, Жолдаудағы басымдықтардың бірі-ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция тақырыбында Сайрам ауданы Ақсукент ауылында орналасқан «Е.Сарманов» атындағы гуманитарлық агроэкономикалық колледжінің студенттерімен, «№93 Абылайхан» атындағы жалпы орта мектебінің Сайрам аудандық №1 Саз мектебі және «№97 Сұраншы Батыр» атындағы жалпы орта мектеп ұжымдарымен еркін форматта «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Б.Айтбаев және ақпараттық-насихат тобының мүшелерінің қатысуымен бас қосу ...

Толығырақ »

БҮГІН — РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІ

Бүгін Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Б.Хасанов дін өкілдерімен аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында кездесті. Кездесу барысында қоғамдағы діни ахуал, жастар тәрбиесі мен халықтың бірлігін сақтау секілді негізгі мәселелер талқыланды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Өз кезегінде Бахытбек Сембекұлы «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесімен дін өкілдерін құттықтап, құрмет көрсетті. — Бұл күн – ...

Толығырақ »

ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін Түркістан қалалық әкімдіктің ғимаратында “Құтқарушылар күніне” арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков және Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Арман Алпысбаев қатысты. “Құтқарушы қарапайым болғанымен қоғам алдында мәртебесі жоғары. Ел игілігі жолында кәсіби міндетін бұлжытпай орындап, қызмет бабында қайсарлық пен өжеттік көрсетіп, ең басты байлық – адам өмірін түрлі апаттар мен ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДАҒЫ МАРАФОНҒА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ ҚАТЫСТЫ

Республика күніне орай Облыс орталығы Түркістан қаласында «Turkistan Marathon-2022» шарасы өтті. Эстафеталық сайысқа еліміздің түкпір-түкпірі мен алыс-жақын шетелден келген 2 мыңға жуық адам қатысып, бақтарын сынады. Спортсүйгіш жандардың басын қосатын бұл ауқымды жоба шаһарымызда осымен 2-ші рет өткізілуде. Сайыстың ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысып, белсенді жандарға сәттілік тіледі. Еліміздің өзге аймақтары мен Өзбекстан, Тәжікстан және Түркия ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ БАС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

Белгілі драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабековтың 80 жас мерейтойына орай, Алматы қаласында 13-17 қазан аралығында өткен II халықаралық «Исабеков әлемі» театр фестивалінде Түркістан музыкалық драма театры сахналаған «Бөрте» спектаклі бас жүлдеге ие болды. Бір автордың пьесалары бойынша өткен фестивалге алыс-жақын шетелден — үш, Қазақстаннан үш театр қатысқан болатын. Ел мәдениетінің елеулі оқиғасы болған шараға келушілер қатары көп болды. ...

Толығырақ »

Қазығұртта «Достық дастарқаны» фестивалі өтті

Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылдық округінде 25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында, сондай-ақ, Қазығұрт ауданының құрметті азаматы, тарихшы Зухриддин Темиров ағамызды еске алуға арналған «Достық дастарқаны» атты облыстық фестивалі өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Облыстық өзбек этномәдени орталығының іс-шарасына сәйкес, аудандық өзбек этномәдени орталығының ұйымдастыруымен өткізілген осы фестивальге тек ауданымыздан ғана емес, көршілес ...

Толығырақ »

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ БОЙЫНША ФРАКЦИЯ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

«AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалында қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мәжілісі өтті. Жиынға фракция мүшелері, партия филиалы жанындағы агроөнеркәсіп кешені комитетінің төрағасы Қайрат Имашев, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров қатысты. Фракция жетекшісі Төлеген Бекайдаров жүргізіп отырған жиынға қатысушылар Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын насихаттау бойынша әңгіме өрбітіп, басым бағыттар бойынша ...

Толығырақ »

АДАМИ КАПИТАЛДЫ ДАМЫТУ – БАСТЫ НАЗАРДА

ҚР Президентінің Жолдауы аясында М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжі жастарымен «New public management» тақырыбында кездесу өтті. AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, қалалық мәслихат депутаты Бақыт Қыдырбаев Мемлекет басшысының Жолдауындағы басым бағыттарға тоқталып, оны іске асыру мәселелерін талқылады. Спикерлер жаңа экономикалық саясат, жастар кәсіпкерлігін дамыту, әлеуметтік саланың әлеуетін көтеру, адами капиталды дамыту, саяси реформаларды жан-жақты түсіндіріп берді. – ...

Толығырақ »

ӘДІЛЕТТІ, ӘРІ АШЫҚ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ҚОЛҒА АЛДЫ

«Бір ғана құрысылыс саласында 2500-нан астам құжат толтырылады екен. Мемлекет басшысы осындай қажетті-қажетсіз қағазбастылық жемқорлыққа, сыбайластыққа жол ашатынын сынға алды. 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма берді». Бұл туралы Достық үйінде өткен жиында Шымкент қалалық мәслихатының депутаты С.Қуандық тоқталып өтті. ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауы ҮЕҰ мен ҚХА мүшелері арасында насихатталды. — Мемлекет басшысы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҰЛЫҚТАДЫ

25 қазан — Республика күніне орай, Түркістан қаласына тарту ретінде «40 күн той мен ой» іс-шарасы аясында «Ұлттық ойындар» сайысы өтті. Жарысқа облыс жастары белсене қатысты. Байқаудың мақсаты — жастар арасында қазақ халқының ұлттық ойынын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптеу, туған жерге, өз Отанына деген сүйіспешілік сезімдерін арттыру. Сондай-ақ, ұлттық ойындар арқылы жастарды белсенділікке, тапқырлыққа, көрегенділік пен күштілікке тәрбиелеу. Сайыс қазақ халқының ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІҢ БОЛАШАҒЫ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР

Еліміздің болашағы бұлыңғыр болмау үшін жастарға жағдай жасау аса маңызды. Бүгінде жастардың көбісінде жұмыс жоқ, баспана ала алмайды, жоғары оқудың бағасы қымбат. Сондықтан жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі бола береді. «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының атқарушы хатшысы А.Абдикадиров мемлекет тарапынан жастарды қолдау бағытында жасалып жатқан жұмыстарды баяндап, кемел келешекке қадам басу үшін жастардың білімді және белсенді ...

Толығырақ »

ЕҢСЕЛІ ЕЛДІҢ МҰРАТЫ ОРЫНДАЛУДА

Мұғалім мәртебесін көтеру мақсатында аудандық ақпарттық-түсіндіру тобы мүшелерінің аудан мұғалімдерімен кездесуі өтті. Кездесуде ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Е. Асқаров ұлағатты ұстаздардың мәртебесін жоғарылату жағын ғана емес олардың сапалық құрамын күшейту барысын да баса айтты. Сондай-ақ Таулы Қарабақ жерінде болған этносаралық қақтығыс, әскери іс-қимылдарына қатысып, Отан алдындағы борышын адал атқарған, қарулы қақтығыс ардагері ардагер Б. Батаев бейбіт күннің қадіріне жетіп, патриоттық рухпен ...

Толығырақ »

ТЕСПЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУ ИДЕЯСЫН ҚОЛДАЙДЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халықтың әл-ауқатын арттыру» тақырыбындағы Жолдауын түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің Теспе ауылының тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесуде «Әділет бар жерде қоғамда қолайлылық болады. Бір жағадан бас шығарып жұмыс істегенде ғана жетістікке жетеміз. Жаңа Қазақстан жаңа ойлар мен бастамалардың арнасы. Кісілік қасиеттің парасаттылықпен келетінін ескерсек, патриоттық да адамдықтан туады. Бірігейік, мемлекет басшысын қолдайық»,- деді ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі С.Акирамов. Сондай-ақ ...

Толығырақ »