Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК — КЕМЕЛ БОЛАШАҚ

КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК — КЕМЕЛ БОЛАШАҚ

«AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асырылып, өңірлерде жалғасын тауып келе жатқан өміршең жобалардың бірі «Кедергсіз келешек» болып табылады. Аталмыш жоба аясында Сайрам ауданында да айтарлық жұмыстар атқарылуда. «Дөңгелек үстел» басындағы дидарласуда аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Ғалым Медеуов күн тәртібіне қойылып отырған партиялық жобаның рөлін көтеріп, ықпалын арттыру мақсатында жергілікті атқарушы билік органдарымен бірлескен өзара ынтымақтастық пен іс-қимыл меморандумы рәсімделіп, қол қойылғанын атап өтті.
Ендігі ретте аудан ішіндегі жолаушы тасымалының жай-күйін тексерген бақылау тобының мүшелері қоғамдық көліктердің бәрінде бірдей мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз қозғалысына қолайлы жағдайлардың туғызыла бермейтіндігіне көз жеткізген. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де болса жетілдіре түсуді қажетсінетіндігі де назардан тыс қалмады. Қалай дегенде де, «Кедергісіз келешек» жобасының қордаланған проблемалардың оңтайлы шешілуіне тигізер септігінің мол екендігіне көңіл бөлді.
Сонымен бірге, ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен кездесті. Кездесуде Е. Аскаров Президенттің биылғы Жолдауының жай-жапсарына тоқталып, елдегі ахуал мен атқарылып жатқан саяси-экономикалық реформалардың барысын баяндап берді. Жиында сөз алған аудандық мәслихат депутаты А. Узакова Жолдаудағы айтылған бағыттарға тоқталып, негізгі тұстарын тілге тиек етті.
Сонымен қатар жолдауға байланысты сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді. Ал «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС еңбек ұжымы Жаңа Қазақстанды құру ісінде, әрдайым қолдау көрсетуге дайын екендіктерін сөз етті.

Пікір жазу