Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

САЙРАМ: НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен »- деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын сезіп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегендіктің белгісі. Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болу үшін жамандықты жат санау қажет.
Осы мақсатта Сайрам ауданының орталығындағы Қайрат спорт кешенінде «Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы ұйымдастырылды.
Аталмыш акция жастарды жаман әдеттен аулақ болып, спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға үндейді. Болашақ бұлыңғыр болмас үшін мұндай іс-шаралардың маңызы орасан.
Қазақстан- демократиялық-құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Оның қазынасы- адам және адам өмірі. Мемлекеттің стратегиялық бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім мен әл-ауқатын жақсарту үлкен міндеттердің бірі ретінде көрсетілген.

Пікір жазу