25 қазан — Республика күніне орай, Түркістан қаласына тарту ретінде «40 күн той мен ой» іс-шарасы аясында «Ұлттық ойындар» сайысы өтті. Жарысқа облыс жастары белсене қатысты.
Байқаудың мақсаты — жастар арасында қазақ халқының ұлттық ойынын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптеу, туған жерге, өз Отанына деген сүйіспешілік сезімдерін арттыру. Сондай-ақ, ұлттық ойындар арқылы жастарды белсенділікке, тапқырлыққа, көрегенділік пен күштілікке тәрбиелеу.
Сайыс қазақ халқының ұлттық ойындарының 4 түрінен (қол күрес, гір тасын көтеру, ләңгі тебу және асық ату) өтті.
Тартысты сайыстың нәтижесі төмендегідей:
Асық ату:
1 орын — Бадиров Рамазан
2 орын — Сәрсенбай Н.
3 орын — Османов Давлат;
Ләңгі тебу:
1 орын — Асанов Еділжан
2 орын — Кененбай Арыстан
3 орын — Бадиров Рамазан;
Гір тасын көтеру:
1 орын — Баби О
2 орын — Саматұлы Е
3 орын — Сламбек Н;
Қол күрес:
1 орын – «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі;
2 орын — Халықаралық Туризм және меймандостық университеті;
3 орын — Түркістан көпсалалы медицина колледжі студенттері иеленді.
Жеңімпаздар облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Е.Төлебаевтың Алғыс хатымен марапатталды.