Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «Ең басты құндылық-адам капиталы»

«Ең басты құндылық-адам капиталы»

«25 қазан-Республика» күніне орай, Жолдаудағы басымдықтардың бірі-ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция тақырыбында Сайрам ауданы Ақсукент ауылында орналасқан «Е.Сарманов» атындағы гуманитарлық агроэкономикалық колледжінің студенттерімен, «№93 Абылайхан» атындағы жалпы орта мектебінің Сайрам аудандық №1 Саз мектебі және «№97 Сұраншы Батыр» атындағы жалпы орта мектеп ұжымдарымен еркін форматта «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Б.Айтбаев және ақпараттық-насихат тобының мүшелерінің қатысуымен бас қосу өтті.
Іс-шарада Базарбай Мамадиярұлы: 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өркениеттің шынына жетуді мақсат ететін және оның жолдары нақты белгіленген «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдау ел күткен жағымды жаңалықтарға толы болды.
Мемлекет басшысы «Қуатты ұлттың діңгегі-халық» дей келе, ең бастысы- азаматтардың денсаулығы мықты, білімі терең болуы керектігін. Еліміздегі еңбекқор адамдар мен кәсіби мамандар ең сыйлы адам болуы тиіс екендігін, осындай азаматтар мемлекетті дамытатынын ерекше атап өтті. Қарапайым еңбек адамдарына құрмет көрсетуіміз керектігіне де тоқталды.
Қандай кәсіппен айналыссаң да,оны сапалы атқарудың маңыздылығын, жастардың нақты бір мамандықтың қыр-сырын жетік білуге ұмтылуы керектігін, тиісінше өз саласының шеберіне әрдайым сұраныс болатынын айтты.
Жалпы, болашаққа арналған бұл Жолдау әрқайсымызға үлкен жауапкершілік жүктейді. Ендігі алда тұрған міндетіміз-Президент нақтылап берген жоспарды бірлік пен берекемізді жарастырып, бірге жүзеге асыруымыз керек деп сөзін қорытындылады.
Кездесу барысында қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарға жауап алды.

Пікір жазу