Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

САЙРАМ: БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

Сайрам аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері ҚР Президентінің жолдауын толыққанды түсіндіру бойынша білім беру саласының өкілдерімен «Сапалы білім беру жүйесі» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуде ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Ә.Байназар, Б.Айтбаев, А. Ұзақова, Ұ.Оразбаева болашақтың жарқын болуы үшін жасалып жатқан жұмыстар аясында кеңінен айтып, ынтымақ пен бірлікті бекем ұстану және білімді ұрпақ қалыптастырудағы басты мәселелерді баяндады.
Кездесу барысында Базарбай Мамадиярұлы: 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өркениеттің шынына жетуді мақсат ететін және оның жолдары нақты белгіленген «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдау ел күткен жағымды жаңалықтарға толы болды.
Мемлекет басшысы «Қуатты ұлттың діңгегі-халық» дей келе, ең бастысы- азаматтардың денсаулығы мықты, білімі терең болуы керектігін. Еліміздегі еңбекқор адамдар мен кәсіби мамандар ең сыйлы адам болуы тиіс екендігін, осындай азаматтар мемлекетті дамытатынын ерекше атап өтті. Қарапайым еңбек адамдарына құрмет көрсетуіміз керектігіне де тоқталды.
Қандай кәсіппен айналыссаң да,оны сапалы атқарудың маңыздылығын, жастардың нақты бір мамандықтың қыр-сырын жетік білуге ұмтылуы керектігін, тиісінше өз саласының шеберіне әрдайым сұраныс болатынын айтты.
Мемлекет басшысы «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек. Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс. Үкімет осы бастаманы заң тұрғысынан рәсімдеу туралы шешім қабылдауы керек. Мектеп формасын барлық оқушыға барынша қолжетімді ету аса маңызды. Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз саналатын кейбір топтағы балаларға оны бюджет есебінен беру қажет деп санаймын. Мектеп формасына арналған мемлекеттік тапсырысты отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бейімдеген жөн. Әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екені сөзсіз. Мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалды. Дегенмен, бұл бағытта әлі де біршама өзгерістер жасау қажет,-деп келтірді ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Ұ. Оразбаева.
Жалпы, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері болашаққа арналған бұл Жолдау әрқайсымызға үлкен жауапкершілік жүктейді. Ендігі алда тұрған міндетіміз-Президент нақтылап берген жоспарды бірлік пен берекемізді жарастырып, бірге жүзеге асыруымыз керек деп сөздерін қорытындылады.

Пікір жазу