Еліміздің болашағы бұлыңғыр болмау үшін жастарға жағдай жасау аса маңызды. Бүгінде жастардың көбісінде жұмыс жоқ, баспана ала алмайды, жоғары оқудың бағасы қымбат. Сондықтан жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі бола береді. «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының атқарушы хатшысы А.Абдикадиров мемлекет тарапынан жастарды қолдау бағытында жасалып жатқан жұмыстарды баяндап, кемел келешекке қадам басу үшін жастардың білімді және белсенді болуы негізгі мәселе екендігін жеткізді.
«Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді»,-деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қорыта айтқанда бір жағадан бас шығарып жұмыс істегенде ғана жетістікке жетеміз. Жаңа Қазақстан жаңа ойлар мен бастамалардың арнасы. Кісілік қасиеттің парасаттылықпен келетінін ескерсек, патриоттық да адамдықтан туады. Сол себепті жастар бүгіннен осы нәрсені назарға алуы керек.