Қазақстан Республикасы Президентінің «Халықтың әл-ауқатын арттыру» тақырыбындағы Жолдауын түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің Теспе ауылының тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесуде «Әділет бар жерде қоғамда қолайлылық болады. Бір жағадан бас шығарып жұмыс істегенде ғана жетістікке жетеміз. Жаңа Қазақстан жаңа ойлар мен бастамалардың арнасы. Кісілік қасиеттің парасаттылықпен келетінін ескерсек, патриоттық да адамдықтан туады. Бірігейік, мемлекет басшысын қолдайық»,- деді ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі С.Акирамов.
Сондай-ақ елдің Ұлттық байлығын әрбір отбасының пайдалануы енді іске асатын болады. Ұлттық қордағы кірістің 50 пайызы 18 жасқа дейінгі балалардың шотына аударылады. Бұны әрбір ата-ана ақсарбас сүйіншіге теңеп отыр. Президент: «Әрбір отбасы елдің ұлттық байлығын пайдаланудан нақты табыс алуы керек. Сондықтан мен жариялаған Балалар жылы аясында жаңа «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасын іске қосуды аса маңызды деп санаймын» деген болатын.