Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2022 (страница 20)

Годовые архивы: 2022

Берекелі бауы бар

Иә, әр жердің ауа райына қарай онда өсетін өсімдіктердің өзіндік ерекшелігі болады. Таулы аймақтардың алма, жүзім, доланасы мен пістесінде де осындай ерекшелік бар. Мысалы, Төлеби ауданына бара қалсаңыз, ондағы ағаштарда самсап тұрған жеміс-жидекке әуесіңіз келеді.  Бір жақсысы, тәтті жеміс өсіруге таптырмайтын өңірдің бағбандары да заман талабына сай жаңа сорттарды тауып, оны жерсіндіру жұмыстарын жетік меңгерген екен. Қарқынды бауға қарқын қосқан ...

Толығырақ »

РУХАНИ ҚАЛАДА «АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫСЫ» АТТЫ КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін тарихтағы бірталай «ақтаң­дақтардың» беті ашылып, бүған дейін айтылмай келген, айтылса да мардымсыз сөз етілген көптеген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлерінің есімдері қайта жаңғыртылып, олар туралы кеңінен жазыла бастады. Міне, сондай тұлғалардың бірі – Нәзір Төреқұлов. Біз жаңа мыңжылдыққа қадам бастық, алайда, біздің бүгінгіміз бен болашағымыздың тамыры тарих еншісіне енген ХХ ғасырда қалды. Бүгінгі таңда ерлік пен ...

Толығырақ »

ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ ТҮЗІЛЕДІ

«Мемлекет басшысы отбасының цифрлық картасын түзуді тапсырды. Яғни, Қазақстанның әрбір отбасы өзіне мемлекет тарапынан қандай кепілдендірілген көмек бар екенінен хабардар болып отырады. Яғни, белгіленген статусына қарай әлеуметтік көмекті алады және бұрынғыдай әр әлеуметтік органға жүгірмейді. Көп балалы ана, зейнеткер болса, «Сіздің 1 жасқа толмаған балаңыз бар. Осыған орай балаңыз 1,5 жасқа толғанға дейін әлеуметтік жәрдемақы ала аласыз» деген сынды хабарлама ...

Толығырақ »

ЖОЛДАУДЫҢ ІСКЕ АСУЫ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

ҚР Президентінің биылғы Жолдауын іске асыру бойынша «Петроказахстан» компаниясының қызметкерлерімен жиын өтті. Жиында қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі, жеке кәсіпкер Ербол Жолбарысов Жолдаудың мән-маңызына тоқталып өтті. -Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында экономикалық және әлеуметтік салаға көңіл аударды. Соның бірі – ең төменгі жалақы мөлшері 2023 жылдан бастап 70 мың теңге болады. Қазіргі таңда экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын ...

Толығырақ »

«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТҚА АЙНАЛУЫМЫЗ КЕРЕК»

А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында «Ел болашағы – кітап оқитын ұлт» атты іс-шара өтті. ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Шымкент қаласының жас жазушылары, әдебиет сүйер қауымымен жүздесіп, еркін форматта әңгімелесті. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Серпер» сыйлығының лауреаты М.Отарбаев қазіргі жаһандану дәуірінде саналы ұрпақ тәрбиелеу, жастарды кітап оқуға ынталандыру, қоғамдық сананы дамыту бағытында өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. – Қазіргі бәсекелестік ...

Толығырақ »

ҰЛТТЫ ТӘРБИЕЛЕЙТІН ҰСТАЗ ⁣⁣⠀

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру аясында «Үміт» зағип жандарға арналған мектеп-интернат қызметкерлерімен кездесу өтті. Іс-шараға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, Еңбекші аудандық филиалының атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова, «AMANAT» партиясының фракция мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары Қайрат Сүлейменов, Альбина Балғабайқызы, Сұлтанғали Нұрлыбайұлы қатысты.⠀ ⠀Кездесуде «AMANAT» партиясының өкілдері Президент Жолдауында айтылған саяси реформаларды жүзеге асуыруда тиіст жұмыстар атқаралып ...

Толығырақ »

ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕР БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БОЛУЫ ТИІС

ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру бойынша ақпараттық-насихаттық топтың мүшелері Сайрам тұрғын алабындағы «Юнекс» ЖШС-нің жұмысшыларымен кездесті. Кездесуде Шымкент қаласы Қоғамдық кеңестің мүшесі, «Оңтүстік Қазақстан жылыжай жұмыскерлері қауымдастығының» төрағасы Мырзахмет Сынабаев Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айқын көрсетілген негізгі бағыттарды атап көрсетті. -Жолдау – мемлекеттілікті одан әрі нығайтуды, азаматтардың құқықтарын қорғауды жетілдіруді және халықтың әл-ауқатын арттыруды көздейтін маңызды құжат. Онда Қазақстанның жаңа ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ «МЫҢ ЖҮЙРІК» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырған «Мың жүйрік» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Онлайн түрде өткен байқауға этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді еркін меңгерген балалары қатысты. Республиканың барлық өңірлерінен 5-12 жас аралығындағы 531 бала өтініш беріп, олар 4 бағыт бойынша бақ сынады. Атап айтқанда байқау «Ертегі әлеміне саяхат», «Тұлғалар тағылымы», «Мен ұнататын мамандық» және «Туған өлкеге ...

Толығырақ »

Түркістанда археологтар бас қосты

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде қоғамдық маңызы бар «Еуразиялық далалық өркениет: адам және тарихи-мәдени орта» атты Еуразия даласы археологиясының V халықаралық конгресі басталды. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылған Еуразиялық масштабтағы археологиялық форум әлемнің 28 елінің ғалымдары мен білікті мамандарының басын қосып отыр.  Алқалы жиынның пленарлық мәжілісі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің бейне құттықтау ...

Толығырақ »

КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ЖОЛДАУДЫҢ ТИІМДІ ТҰСТАРЫ КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРІЛДІ

Сайрам аудандық мәслихат депутаттарының көп балалы аналармен тұрғын үй сатып алу мәселесі бойынша кездесуі өтті. Кездесуде сондай-ақ мемлекет тарапынан көрсетілетін жәрдем жайлы кеңінен түсіндірілді. Қуаныштысы сол, елдің Ұлттық байлығын әрбір отбасының пайдалануы енді іске асатын болады. Ұлттық қордағы кірістің 50 пайызы 18 жасқа дейінгі балалардың шотына аударылады. Бұны әрбір ата-ана ақсарбас сүйіншіге теңеп отыр. Президент: «Әрбір отбасы елдің ұлттық байлығын ...

Толығырақ »

ҚАРТЫ БАР ЕЛ — ҚАЗЫНАСЫ БАР ЕЛ!

Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылдық округінің орталығы – Қасымбек датқа ауылында ауылдық округ қарияларына арналып дастархан жайылды. Іс-шараға ауылдық округіне қарасты барлық сегіз елді мекендеріндегі ауыл қариялары мен ауыл билері шақырылып қатыстырылды. Іс-шараға ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері арнайы қатысып, алдыңғы толқын ақсақалдар мен ақжаулықты әжелерге ұзақ ғұмыр тіледі. Сондай-ақ ел тыныштығына бата қылатын ауылдың абыз ақсақалдары мен қазыналы қарттарына деген өзінің ...

Толығырақ »

ОТБАСЫ — ОТАННЫҢ БӨЛШЕГІ!

«AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Отан — отбасынан басталады» тақырыбында ауданның белсенді жастарымен кездесу өтті. Кезедесуге Сайрам аудандық «Таулы Қарабақ» энтносаралық қақтығысының ардагері Б. Батаев, аудандық ПБ ЖПҚБ ЮПТ-ң инспекторы, полиция майоры К. Сүлейменова және «Jasrar Ruhy» ЖҚ Сайрам аудандық филиалының төрағасы А. Төлебек қатысып, отбасы отанның бөлшегі екендігін кеңінен түсіндірді. Талай дүниені басынан өткерген, қақтығысқа қатысқан Б. Батаев ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ — БАСТЫ БАЙЛЫҚ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Түркістан көпсалалы жоғары медицина колледжінде этносаралық татулықты сақтау мақсатында қоғамдық маңызы бар «Татулық пен келісім — басты байлық» атты кездесу өтті. Жиынға Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Ақиқат Абдулаев қатысып, студенттерге этносаралық кикілжіңнің алдын алу, тұрақтылықты нығайту бағытында кеңінен талқылау жұмыстарын жүргізді. Кездесу қоғамдық сананы, әлеуметтік саясатты жаңғырту міндеттерін айқындаған Қазақстан халқы Ассамблеясы дамуының 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданғаны жөнінде ...

Толығырақ »

Қазығұртта «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Қазығұрт ауданы аумағында 2022 жылдың 1 қазаны мен 1 қарашасы аралығында республикалық «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясының азаматтары ішінара жұмылдыру жарияланғаннан кейін елге кіретін Ресей азаматтарының саны күрт өсуіне байланысты елдің жедел жағдайына, қылмыстық, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтардың өсуіне әсер етуінің алдын алу бойынша шараларды күшейту, заңсыз көші-қонның жолын кесу болып табылады. Сонымен қатар шетелдіктердің Қазақстан Республикасында ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ҚАЛА ӘКІМІ ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ҚАДАҒАЛАДЫ

«Аяқталатын жұмыстың соңында жүріп, атқарылатын тірлікті естен шығарып алмаңыздар». Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков бөлім басшыларымен өткен жиналыста осылай деді. Тапсырмалардың орындалуы туралы есептер тыңдалғанда қала басшысы 2023 жылғы жоспарға бірінші кезекте енгізілетін мәселелерге арнайы тоқталды. «Жұмыс жоспарын осы кезден тиянақтаңыздар. Құжаттарды рәсімдеу кешіктірілмесін. Ұсыныс сектор жетекшілерімен бірге дайындалуы тиіс. Барлық мәселені өзектілігіне қарай зерделеп, жоспарлаңыздар», — деп, орынбасарлары мен ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ҚАЗЫБЕК ИСАНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

Түркістанда халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Исаның 60 жылдық мерейтойына арналған «Сырымды айттым далаға» шығармашылық кеші өтті. Алдымен келген қонақтар шығармашылық кітап көрмесін тамашалап, Түркістан мақамдары негізінде жарық көрген «Текті сөздің төресі» термелер жинағының тұсауын кесті. Содан соң мерейтой иесіне арналған «Тәуелсіздік тарландары» деректі фильмінің көрсетілімі өтті. Ақынның туған жері шағалалы Шардарадан бастау алып, Түркі әлемінің ...

Толығырақ »

«AMANAT»: САНСЫЗ БАПТАР МЕКЕНІ САЙРАМДА 20 КОМАНДА ОЙ ЖАРЫСТЫРДЫ

«AMANAT AQYLMAN» зияткерлік сайысының мақсаты — ақыл күшін пайдалану, озық ойлы жастар мен білімді азаматтардың басын бір алаңға біріктіру, бос уақытты тиімді пайдалануға шақыру, миды ширатып қана қоймай ұйымшылдық қасиеттерді арттыру және жергілікті сан сала мамандарының арасынан білікті де жан-жақты тұлғаларды анықтауға бағытталған. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қолдауымен басталған «AMANAT AQYLMAN» интеллектуалды ойыны Сайрам ауданында жалғасын тапты. Аталған ауданда ...

Толығырақ »

САЙРАМДА ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛУЫНА ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылғанына және әскери борышын өтеген азаматтардың Таулы Қарабақтан шығарылғанына 30 жыл толуына орай, Сайрам ауданы орталығында іс-шара өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Іс-шараның негізгі мақсаты — ардагерлерге құрмет көрсету, ерлік жасаған ардагерлерді еске алу және жастарды отан қорғауға шақыру. Республикалық Қарабақ этносаралық ұрыс қимылдарының төрағасы, облыстық төрағалар, «Түркістан облысы ...

Толығырақ »

Жолдау—жолбасшымыз:  КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ ЖАҚСАРАДЫ

1 қыркүйек «Білім күні» мерекесімен қатар еліміздің тарихында жаңа бір саяси ахуал орын алды. Халық жыл сайын үлкен үмітпен күтетін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл Жолдауы «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» деп аталды. Барлық бағыттардың дамуы, ел тағдыры үшін маңызды. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа Жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама ...

Толығырақ »

САЙРАМ: ҚАРАМҰРТТАҒЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесу өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтің Қарамұрт ауылының тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесуде ауыл белсенділері өздеріне жүктелген міндеттерді қоғамдық негізде атқарып жатқан жұмыстары жөнінде айтып, сондай-ақ ауылдағы өзекті деген мәселелерді аудан басшылығына жеткізді. Көтерілген өзекті мәселелерді аудан әкімі сала бойынша орынбасарларына және тиісті бөлімдер мен ...

Толығырақ »

Мақсаты айқынның табысы мол

Кәсіпкерлік – бір істі қолға алу, әрекет ету деген сөз. Ол материалдық игіліктерді алуға бағытталған дербес қызметті білдіреді. Бірақ белсенділік жеке пайда мақсатымен шектелмейді. Кез келген кәсіпкерлік нысаны жұмыс орындарының ашылуына, жергілікті бюджеттің толығуына ықпал етеді. Айталық, медициналық қызмет халықтың денсаулығын жақсартуға ықпал етеді, қызмет көрсету саласындағы қызмет кейбір әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі. Ал мақсат айқын болса, табысқа жетеді. Фаррух ...

Толығырақ »

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға

«Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан» -деп, ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім — тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Бүгін Қазығұрт аудандық мәслихат депутаты Е.Аманқұлов аудандағы ардагер ұстаздармен кездесті. Кездесу барысында, ардагер ...

Толығырақ »

ҰСТАЗҒА АРАНАЛҒАН ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ

Жуырда «Майбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебінде «Ұстаздар мерекесіне» орай ұлағатты ұстаз болған ән-музыка пәнінің мұғалімі, С.Рақымов мәдениет сарайының директоры қызметін атқарған Сазанов Асан Кендірұлын еске алу кеші өтті. Салтанатты жиынды мектеп директоры Б.Бердіқұлов ашып, Асан ағайымыз жайлы естеліктер мен мұғалімдер мерекесіне тоқталып өтті. Іс-шарада ұстаздарымыз дайындаған ағайдың өмірі мен қызметі, жасаған еңбектері жайлы видеоролик көрсетіліп, келген қонақтарға жақсы әсер ...

Толығырақ »

ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ – ЕЛДІҢ ДАМУЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясындағы еңбек ұжымдарымен кездесулер жалғасуда. Бүгін ақпарат-насихат тобының мүшелері «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы Шымкент химия компаниясының жұмыскерлерімен жүздесті. Қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Баршагүл Исабек Президент Жолдауында көтерілген тақырыптарды атап өтіп, қарапайым еңбек адамына тиер пайдасына тоқталды. – Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының біріккен отырысында жасаған Жолдауында негізгі бес тақырыпты көтерді. Соның ішінде ел ...

Толығырақ »

ЖОЛДАУДЫҢ ТҮПКІ МАҚСАТЫ – ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІЛІК ОРНАТУ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – мемлекеттілікті одан әрі нығайтуды, азаматтардың құқықтарын қорғауды жетілдіруді және халықтың әл-ауқатын арттыруды көздейтін маңызды құжат. Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Шымкент Кашемир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен өткен кездесу барысында Шымкент университетінің кафедра меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Қуатбек Қалықұлов осылай деді. —Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – мемлекеттілікті одан ...

Толығырақ »