Сайрам аудандық мәслихат депутаттарының көп балалы аналармен тұрғын үй сатып алу мәселесі бойынша кездесуі өтті. Кездесуде сондай-ақ мемлекет тарапынан көрсетілетін жәрдем жайлы кеңінен түсіндірілді.
Қуаныштысы сол, елдің Ұлттық байлығын әрбір отбасының пайдалануы енді іске асатын болады. Ұлттық қордағы кірістің 50 пайызы 18 жасқа дейінгі балалардың шотына аударылады. Бұны әрбір ата-ана ақсарбас сүйіншіге теңеп отыр. Президент: «Әрбір отбасы елдің ұлттық байлығын пайдаланудан нақты табыс алуы керек. Сондықтан мен жариялаған Балалар жылы аясында жаңа «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасын іске қосуды аса маңызды деп санаймын. Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалар 18 жасқа толғанға дейін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз арнайы жинақ шоттарына бөлуді ұсынамын. Кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсалады. Бұл қаражат өскелең ұрпаққа ересек өмірге нағыз жолдама береді. Қор шынымен де ұлттық мәртебеге ие болып, халық игілігіне қызмет ететін болады. Осы ауқымды істі жан-жақты зерделеу қажеттілігін ескере отырып, жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырамын», — деді Президент.
Ел еңсесі тіктелуі үшін барша елдің азаматтары игілікке қадам басуы орынды саналады. Сондықтан көпбалалы аналарға жасалатын құрмет жыл өткен сайын арта беруі заңды жағдай,-деді ақпраттық түсіндіру тобының мүшесі Ержан Асқаров.