Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҰСТАЗҒА АРАНАЛҒАН ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ

ҰСТАЗҒА АРАНАЛҒАН ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ

Жуырда «Майбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебінде «Ұстаздар мерекесіне» орай ұлағатты ұстаз болған ән-музыка пәнінің мұғалімі, С.Рақымов мәдениет сарайының директоры қызметін атқарған Сазанов Асан Кендірұлын еске алу кеші өтті. Салтанатты жиынды мектеп директоры Б.Бердіқұлов ашып, Асан ағайымыз жайлы естеліктер мен мұғалімдер мерекесіне тоқталып өтті. Іс-шарада ұстаздарымыз дайындаған ағайдың өмірі мен қызметі, жасаған еңбектері жайлы видеоролик көрсетіліп, келген қонақтарға жақсы әсер қалдырды.
Ақкөңіл адал едің аңқылдаған,
Өзектері өртеніп сағыныштан,
Ешқандай кісі көңілін қалдырмаған.
Тілек арнап жүректен алып ұшқан.
Әкетті тосын ажал арамыздан,
Жақындары қимастықпен еске алады,
Кеудеңде кетті- ау арман айтылмаған.
Кездерді бірге жүріп бақыт құшқан.
Асан Кендірұлының құрметіне ұйымдастырылған іс-шарада ұлдары Иса, Думан, тай құлындай бірге өскен достары Сайын, Қылышбек т.б. ағайын-туыстары, қызметтестері қатысып жүректен шыққан жүрек тебірентер сөздерін, ізгі тілектерін білдіріп, ұстаздар қауымын кәсіби мерекемен құттықтады.

Сонымен қатар осы іс-шарада Абай өлеңдерін әнімен орындау турнирі ұйымдастырылылды.
Жеңімпаздарды Асан ағамыздың жұбайы Сәрсенкүл апай арнайы грамоталармен, сыйлықтармен марапаттады. Мұғалімдер мерекесіне орай ұйымдастырылған концертте оқушыларымыз өз өнерлерін паш етті.

Нұрлыбек ЗИЯТБЕКОВ,
«Майбұлақ» жалпы орта білім
беретін мектебі директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

 

 

 

 

Пікір жазу