Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАРТЫ БАР ЕЛ — ҚАЗЫНАСЫ БАР ЕЛ!

ҚАРТЫ БАР ЕЛ — ҚАЗЫНАСЫ БАР ЕЛ!

Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылдық округінің орталығы – Қасымбек датқа ауылында ауылдық округ қарияларына арналып дастархан жайылды. Іс-шараға ауылдық округіне қарасты барлық сегіз елді мекендеріндегі ауыл қариялары мен ауыл билері шақырылып қатыстырылды. Іс-шараға ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері арнайы қатысып, алдыңғы толқын ақсақалдар мен ақжаулықты әжелерге ұзақ ғұмыр тіледі. Сондай-ақ ел тыныштығына бата қылатын ауылдың абыз ақсақалдары мен қазыналы қарттарына деген өзінің игі тілектерін жеткізді.
Қарттар күні мерекесімен қатар келген Ұстаздар күні мерекесі де осы іс-шарада аталып өтіп, Қазақстан Республикасы «Ұстаз мерейі» қоғамдық қоры атынан іс-шараға арнайы келген осы мекеменің өкілі Жібек Қылышбаева ауылдық округінің барлық қарияларын мерекелерімен құттықтай отырып зейнеткерлік жасындағы 13 ардагер ұстаздарын «Ұстаз мерейі» медалімен марапаттап, аудан әкімінің кеңесшісі Р.Есполай мен ауылдық округінің әкімі Е.Дүйсебаевтар ауыл қарияларының омырауларына мерекелік медальдарын тағып қарияларға құрмет көрсетілді.
Мұнан кейін Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі Е.Дүйсебаев ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, болашақ ұрпағы үшін жасаған игі істері үшін алғыс айта отырып, ауылдық округінің бірқатар қарияларына ауылдық округі әкімі атынан «Алғыс хаттарын» табыстады. Іс-шара барысында құттықтау сөз сөйлеген Сайрам ауданының «Құрметті Азаматы», осы іс-шараның өтуіне ауыл жастарын ұйымдастыра отырып демеушілік жасаған С.У.Сағындықов, Сайрам ауданы Қоғамдық Кеңесінің мүшесі Е.Илеспаев, ауылдық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Т.Байтоқсановтар ауыл қарияларын айтулы мерекелерімен құттықтай отырып оларға деген өздерінің ыстық ықылас тілектерін жеткізді. Іс шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, іс-шараға келіп қатысушылар ауыл қарияларының құрметіне дайындалған арнайы дастарханнан дәм татысты. Іс-шараға келіп қатысқан ауыл қариялары осы іс-шараны ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.

Пікір жазу