Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: ҚАРАМҰРТТАҒЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

САЙРАМ: ҚАРАМҰРТТАҒЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесу өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтің Қарамұрт ауылының тұрғындарымен кездесуі өтті.
Кездесуде ауыл белсенділері өздеріне жүктелген міндеттерді қоғамдық негізде атқарып жатқан жұмыстары жөнінде айтып, сондай-ақ ауылдағы өзекті деген мәселелерді аудан басшылығына жеткізді.
Көтерілген өзекті мәселелерді аудан әкімі сала бойынша орынбасарларына және тиісті бөлімдер мен мекеме басшыларына, ауыл әкіміне мерзімін белгілеп, нақты тапсырмалар жүктеді.
Дидарласу барысында аудан басшысы Қарамұрт ауылы тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелер назарға алынып, арнайы хаттама түзіліп, әрбір мәселені шешу бойынша жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

Пікір жазу