Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОТБАСЫ — ОТАННЫҢ БӨЛШЕГІ!

ОТБАСЫ — ОТАННЫҢ БӨЛШЕГІ!

«AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Отан — отбасынан басталады» тақырыбында ауданның белсенді жастарымен кездесу өтті.
Кезедесуге Сайрам аудандық «Таулы Қарабақ» энтносаралық қақтығысының ардагері Б. Батаев, аудандық ПБ ЖПҚБ ЮПТ-ң инспекторы, полиция майоры К. Сүлейменова және «Jasrar Ruhy» ЖҚ Сайрам аудандық филиалының төрағасы А. Төлебек қатысып, отбасы отанның бөлшегі екендігін кеңінен түсіндірді. Талай дүниені басынан өткерген, қақтығысқа қатысқан Б. Батаев қазіргі таңдағы жастардың әскерге бармауы жайлы лй қозғап, ер азаматтарды отан алдындағы борышын өтеуге шақырды. Ал полиция майоры К. Сүлейменова жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.«Jasrar Ruhy» ЖҚ ауданық филиалының төрағасы А. Төлебек отбасылық құндылықтарды сақтап, білім бәсекесінде кейін қалып қалмауға шақырды.
Сайрам ауданы көпұлтты болғанымен, таулықта күн кешіп, бірлігі берік тұрған аудан. Сол себепті әр ұлтқа тән отбасылық құндылықтар өз деңгейінде дәріптеліп, насихатталып келеді. Бірақ біздің басты мүддеміз ортақ. Ол Қазақстанның тыныштығы мен тұрақтылығы екені даусыз!

Пікір жазу