«Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан» -деп, ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім — тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.
Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Бүгін Қазығұрт аудандық мәслихат депутаты Е.Аманқұлов аудандағы ардагер ұстаздармен кездесті.
Кездесу барысында, ардагер ұстаздар, Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымыз танылып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы — жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлініп жатқанына кеңнен тоқталып, Жаңа Қазақстан жастары халқымыздың тарихын, тілін, салт-дәстүрін қастерлей отырып, бүгінгі дәуірдің талабына бейімделген, терең білімді, технологиялық жаңалықтарды еркін меңгерген, көшбасшылық, прагматикалық қасиеттерге ие, ХХI ғасырдың нағыз ұрпақтары болуы үшін талмай еңбек етуге шақырды.
Сонымен қатар, кездесу барысында сөз сөйлеген халық қалаулысы Е.Аманқұлов «AMANAT» партиясы мемлекетшіл, білімді де саналы жастарымызға арқа сүйейтінін, партияның «Жастар рухы» қанаты өндірісте және қызмет көрсету саласында, қала мен ауылда еңбек етіп жүрген қазақстандық жастармен тұрақты жұмыс жүргізіп, белсенді азаматтық ұстанымы бар, жаңаша ойлайтын жастардың тың идеяларын әрқашан қолдайтынын айтып өтті.