Бүгін Түркістан көпсалалы жоғары медицина колледжінде этносаралық татулықты сақтау мақсатында қоғамдық маңызы бар «Татулық пен келісім — басты байлық» атты кездесу өтті.
Жиынға Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Ақиқат Абдулаев қатысып, студенттерге этносаралық кикілжіңнің алдын алу, тұрақтылықты нығайту бағытында кеңінен талқылау жұмыстарын жүргізді.
Кездесу қоғамдық сананы, әлеуметтік саясатты жаңғырту міндеттерін айқындаған Қазақстан халқы Ассамблеясы дамуының 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданғаны жөнінде ұйымдастырылды.
Жиында еліміздің жаңа тарихының шешуші кезеңдерінде Ассамблея әрдайым тұрақтандырушы және біріктіруші рөл атқарып келе жатқандығын және еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің шынайы кепілі болып қала беретіндігі айтылды.