Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Қазығұртта «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Қазығұртта «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Қазығұрт ауданы аумағында 2022 жылдың 1 қазаны мен 1 қарашасы аралығында республикалық «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясының азаматтары ішінара жұмылдыру жарияланғаннан кейін елге кіретін Ресей азаматтарының саны күрт өсуіне байланысты елдің жедел жағдайына, қылмыстық, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтардың өсуіне әсер етуінің алдын алу бойынша шараларды күшейту, заңсыз көші-қонның жолын кесу болып табылады. Сонымен қатар шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу тәртібінің қағидаларын бұзушылықтарды анықтау, азаматтармен сенімді қарым-қатынас орнату және аумақта қоғамдық-саяси жағдайды қадағалау мақсатында өткізіліп отырған «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында жалға берілетін пәтерлер, азаматтық қару иелері, ІІО-да есепте тұратын тұлғаларды тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ базарлар,қоралар мен өзге сауда жасау орындары тексерілуде.Сонымен қатар жастар және кәмелетке толмағандар көп шоғырланатын жерлер, саяжай алқаптары тексерілуде.
Аталған іс шара барысында Қазығұрт АПБ ЖПҚ УПИ қызметкерлері тұрғын үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алдағы уақытта іс-шара өз жалғасын табуда.

Пікір жазу