Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2023 (страница 46)

Годовые архивы: 2023

ШЫМКЕНТ: 3-6 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ БҮЛДІРШІНДЕР 100 ПАЙЫЗ БАЛАБАҚШАМЕН ҚАМТЫЛҒАН

«Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек. Алайда, бізде екіден алты жасқа дейінгі балалардың жартысынан астамы ғана балабақшаға барады. Мұндай олқылыққа жол беруге болмайды». Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдау барысында тиісті мемлекеттік органдарға берген тапсырмасы. Бұл мәселе миллионнан астам тұрғыны бар Шымкент қаласында да күн тәртібінен түскен емес. ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ 37 МЫҢ ОРЫНДЫҚ 25 «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» САЛЫНАДЫ

Шымкентте 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 25 мектептің құрылысы жүргізілмек. Аталмыш пилоттық білім нысандары жалпы 37 700 орынға арналмақ. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық ...

Толығырақ »

ТІЛДІҢ ТАҒДЫРЫ ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, қолданыс аясын кеңейту мақсатында бірқатар тапсырмалар беріп, дәстүрлі Жолдауларында ерекше пәрмен беріп отыр. Ел Президенті «Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде. В.Радлов айтқандай, қазақ тілі – ең таза әрі бай тілдің бірі. Тіл – өткен тарихпен ғана ...

Толығырақ »

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ- ЖАСТАРҒА

Шымкентте биыл 260-қа жуық жас жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, өз кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік алады. Бұл игілікті істер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылы 1 қыркүйектегі Жолдауындағы жастардың кәсіпкерлігін дамыту үшін жылдық 2,5 пайыз жеңілдікпен микрокредит беру тапсырмасы және 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың Ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылады. Миллионды қала тұрғындарының 23 пайызын жастар құрайды. Осы орайда, мемлекет тарапынан қарастырылған мұндай ...

Толығырақ »

ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен арнайы жиында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасын іске асыру тетіктері қарастырылды. Пилоттық жоба аясында қала аумағында 25 мектептің құрылысы жоспарланған. Биыл 17 300 орынға арналған 12 мектептің құрылысы басталады.  Алдағы жылы 20 400 орынға арналған 13 мектеп салынып, 2025 жылы пайдалануға тапсыру көзделуде. Тиісті басқарма басшыларының қатысуымен өткен басқосуда нысандарды инженерлік-инфрақұрылымдық желілермен қамту ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ 209 ГЕКТАРҒА ЖЫЛЫЖАЙ САЛЫНҒАН

Соңғы кездері жылыжай шаруашылығына қызығушылық артып келеді. Қазір қала аумағында 209 гектар жылыжай кешені бар, оның 71 гектары өнеркәсіптік жылыжайларға тиесілі. Бұл кешендерде жылына шамамен 17 мың тоннадан астам қызанақ, қияр және басқа да көкөніс түрлері өндіріліп, ішкі және сыртқы нарыққа сатылуда. Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде жылыжай шығынының 25 пайызы мемлекеттен төленеді. Одан бөлек төмен пайызды ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ АУЫЗСУ БҰРҚАҚТАРЫ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қыс мезгілінде уақытша тоқтатылған ауызсу бұрқақтары қайта қосылды. Әл-Фараби ауданы аумағында мұндай субұрқақтар 9 орында орналасқан: 1. Қонаев-Іляев қиылысы; 2. Арбат демалыс саябағы; 3. Түркістан көшесі №55; 4. Әл-Фараби алаңы; 5. «Моцарелло» мейрамханасының алды; 6. «Чернобыль» гүлзары; 7. «Цум» сауда үйінің алды; 8. №8 мектептің алды; 9. Тыныбаев №49 Аптап ыстықта су бұрқақтарынан кез-келгеніміз шөл баса аламыз. Сондықтан да қала ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ПЫСЫҚТАУ МАҚСАТЫНДА ТОҚСАН САЙЫН СЕЙСМОЖАТТЫҒУЛАР ӨТКІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасуына байланысты, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде, білім беру ұйымдарында және қаламыздың жекелеген аумақтық бірліктерінде тұрғындардың жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерін пысықтау мақсатында тоқсан сайын сейсможаттығулар тұрақты түрде өткізілуде. Орын алуы мүмкін төтенше жағдайдың алдын алуға және орын алған кездегі біздің атқаратын іс әрекетімізді ...

Толығырақ »

СУ АЙДЫНДАРЫНДА АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ ҚҰРЫЛДЫ

2023 жылы Шымкент қаласының су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазғы шомылу маусымын тиісті деңгейде өткізу мақсатында, келесідей іс-шаралар жоспарланды: — жергілікті полиция қызметкерлерімен рейдтік іс-шараларды көбейтіп, су айдындарында шомылуға тыйым салынған орындарда қараусыз жүрген балалардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту; — су айдындарының қауіпті және демалуға және шомылуға жабдықталмаған учаскелерінде су айдындарына тыйым салатын және ескерту қауіпсіздік белгілерін орнату; — ...

Толығырақ »

БИЫЛ ШЫМКЕНТТІКТЕР 100% САПАЛЫ ӘРІ АРЗАН ЖАРЫҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Биыл қала аумағындағы барлық елдімекенге сапалы электр энергиясы жеткізіледі. Жыл соңына дейін 8 шағынауданда құрылыс аяқталып, қаланы үздіксіз электр жүйесімен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді, деп хабарлайды didarbek.kz. Нәтижесінде абоненттер жарыққа екі есе арзан төлем жасайды. Тұрғын үйлерді электр желісіне қосу жұмыстары тегін жүргізіледі. Мемлекеттен тартылған электр энергиясының тариф бағасы: жеке тұлғаларға әр Кв үшін – 17 теңге, заңды тұлғаларға-35 ...

Толығырақ »

ЕРЕКШЕ ЖАНДАРДЫ ҚОЛДАУ — ҚОҒАМНЫҢ ПАРЫЗЫ

Бүгін Шымкент қаласында ерекше жандар үшін ерекше күн. Себебі Наурыз мейрамына орайластырылып ерекше жандарға арналған мерекелік іс-шара өтті. Шымкент қаласының әкімдігі мен мәслихаты және Шымкент қалалық «Азаматтық Альянсы» ЗТБ, Атамекен кәсіпкерлер палатасы, AMANAT партиясының өкілдерінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған іс шараға «Оған «IamBala» ҚҚ, «Ерекше жол», «Жақсы сиқыршы», «Рахмет саған, анашым» ОМД, «Өркен» ББФ, «Жігер» ҚБ, «Шымкент қаласындағы Мүгедектердің қалалық қоғамы» ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ӘКІМ ИНВЕСТОРЛАРҒА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРДАН ЖЕР ҚАРАСТЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен инвестициялық штаб отырысында 11 жоба қаралды, деп хабарлайды didarbek.kz. Отырыс барысында инвесторлар құрылыс, ауылшаруашылығы, тамақ және жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бағытталған жобаларын таныстырды. Басқарма басшылары мен аудан әкімдері қатысқан басқосуда инвестициялардың орындалу барысы пысықталып, жаңа жобаларды іске асыруда өзекті мәселелер талқыланды. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға инвесторларға индустриалды аймақтардан қажетті жер телімдерін қарастырып, жан-жақты қолдау көрсетуді ...

Толығырақ »

Шымкент: Қала әкімі №189 орам тұрғындарымен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы №189 орам тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды didarbek.kz. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің азаматтарды бірыңғай қабылдауына келген №189 орамдағы көпқабатты үйлердің тұрғындары коммуналдық мәселелерге қатысты талап-тілектерін жеткізген болатын. Су, газ, электр қуатының үздіксіз берілуін қамтамасыз етуді сұраған азаматтардың өтініші ескеріліп, шұғыл түрде ақауларға зерделеу жұмыстары жүргізілген. Аталған тұрғын үйлерге арнайы барған Мұрат Дүйсенбекұлы жергілікті тұрғындармен кездесіп, халықты ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІНДЕ 500 АДАМҒА КЕҢЕС БЕРІЛДІ

Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Тұран ауданындағы жұмыспен қамту бөлімшесінде «Ашық есік» күні өтті. Аталған шараның мақсаты — кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында қала тұрғындарын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыру. 2023-2027 жылдарға арналған «AMANAT» партиясының Шымкент қаласы бойынша «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасын орындау үшін әзірленген Жол картасы аясында жастарға жеке ісін ашу ...

Толығырақ »

ГАЗ ТҰТЫНУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАБЫН САҚТАМАҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

Шымкент қаласында газды тұтынудың техникалық ережелерінің сақталмауынан улану жағдайлары жиілеген. Аталған іс-шараның мақсаты — тұрғындарға газдан уланудың алдын алу, дұрыс пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Қала тұрғындарының денсаулығының қауіпсіздігі және газға деген жауапкершілігін арттыру. Профилактикалық түсіндіру жұмыстары барысында ҚР газ және газбен жабдықтау заңы түсіндірілді. Еңбекші ауданы әкімдігі, прокуратурасы, төтенше жағдайлар басқармасы, полиция және еріктілер, «ҚазТрансГаз Аймақ» және газ техникалық ...

Толығырақ »

МАНАП ӨТЕБАЙҰЛЫНЫҢ 85 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Бүгін М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде Манап Өтебайұлының туғанына 85 жыл толуына орай, «Дәстүрлі тәрбие – сапалы білім» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. «Қазақстан Республикасы Білім беру саласының үздігі», «Құрмет белгісі», «Парасат» орденінің иегері және өңіріміздің Құрметті азаматы, меценат – Өтебаев Манап Өтебайұлы – өз ортасында дара тұлғаға айналған, жұлдызы жарық, біртуар қазақтың азаматы болатын. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» ...

Толығырақ »

ҒАШЫҚТАР МЕРЕКЕСІНДЕ ОҚМПУ ӨНЕРПАЗДАРЫ БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

15 сәуір — «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» ғашықтар күні. Шымкентте ғашықтар мерекесінде жыл сайын дәстүрлі түрде «Бозбала мен бойжеткен» байқауы өтіп, ең жарасымды жұпты анықтайды. Биылғы махаббат пен сүйіспеншілік құндылығын асқақтатқан байқауда ОҚМПУ-дың талантты да өнерлі жұптары жеңімпаз атанды. Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Бозбала мен бойжеткен — 2023» байқауына биыл 8 ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 25 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

Биыл Шымкент қаласы Еңбекші ауданында 25 аула абаттандырылады, деп хабарлайды didarbek.kz. Бүгінде аудан аумағындағы 283 көпқабатты тұрғын үй 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Жоба іске қосылған жылы 41 аула абаттандырылып, ойын алаңшалары ашылды. Ал, 2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аулаларды абаттандыру 2021 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артты. 2022 ...

Толығырақ »

 Шымкенттік оқушылар  “Ашық есік» күн әскери өмірмен танысты

Шымкент қаласындағы Механикаландырылған бригада аумағында ерекше форматта «Ашық есік күні» патриоттық акциясы өтті, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталған шараға қаланың жалпы білім беру мекемелерінен 150-ге жуық оқушы қатысты. Акция барысында оқушылар сарбаздардың тұрмыстық үй-жайлары, ас мәзірі және әскери борышты өтеуге қандай жағдай жасалғанымен танысты. Бақылау-өткізу пунктінде қонақтарды бөлім командирінің тәрбие жөніндегі орынбасары подполковник Ренат ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА 3 ЖЫЛДЫҚ КЕШЕНДІ ЖОСПАР ӘЗІРЛЕНДІ

Бүгінде Шымкент қаласында креативті экономиканың әлеуетті 3 бағыты анықталып отыр, олар: сән, IT және кинематография. Бұл салаларда қала көлемінде 639 кәсіпкер тұтынушыларға өз қызметін ұсынады. Өңірде креативті индустрияны дамыту мақсатында бөлім тарапынан сала бойынша 2023-2025 жылдарға арналған 3 жылдық кешенді жоспар әзірленді. Жоспарға сәйкес, саланы мемлекеттік қолдау, ішкі және халықаралық нарықта креативті өнімдерді ілгерілету, қоғамдық креативті кеңістіктер құру, креативті шаралар ...

Толығырақ »

ТУРИСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА БІРҚАТАР КЕСЕНЕЛЕР АУМАҒЫНА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қаламыздағы туристік орындардың инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында Қаратау ауданы әкімдігімен бірлесе Сайрам тұрғын алабында орналасқан «Ибрагим ата» және «Қарашаш ана» кесенелерінің аумағын абаттандыру бойынша жыл сайынғы түгендеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар қала аумағындағы барлық туристік нысандарған да жүргізіледі. Аталған жоба мен анықталған кемшіліктерге сәйкес, кесенелердің, саябақтардың, турситік нысандардың аумағында туристерге қолайлы жағдай жасау, атап айтқанда кіре беріс көлік тұрағы мен дәрет ...

Толығырақ »

ТУРИСТЕРДІҢ КЕЛУ КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ РЕСПУБЛИКАДА 3- ОРЫНДА

Шымкент қаласына келуші туристердің саны жыл санап артып келеді. 2022 жылдың 12 айында қалаға келушілер саны 448 797 адамды құрап отыр. Ішкі туризм бойынша келушілер саны 412 268 адам, өткен жылмен салыстырғанда 136,2%-ға артып отыр. Ал, кіру туризмі бойынша келушілер саны 36 529 адам, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге ұлғайған. Бүгінде Республикалық көрсеткішке сәйкес, қалаға келген туристер саны ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛАЛЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Еліміздің үшінші мегаполисінде «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдақ бірлестігінің өңірлік филиалының құрамындағы Шымкент қалалық жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының ұжымымен кездесу өтті. Басқосуда «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға міндетін атқарушы Жарқынбек Құрманбек пен «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов жоспарлы семинар кеңес өткізді. Жиын барысында еңбек Кодексіне енгізілген өзгерістер ...

Толығырақ »

Шымкент: Алпысбаев және Сәдуақасов көшелеріне асфальт төселіп жатыр

Шымкент қаласындағы Алпысбаев және Сәдуақасов көшелеріне асфальт төселуде, деп хабарлайды didarbek.kz. Қала әкімінің азаматтарды бірыңғай қабылдауында Ақжайық шағынауданы тұрғындары елдімекен аумағындағы бірқатар көшені жөндеуден өткізу бойынша өтінішін жеткізген болатын. Тұрғындар талап-тілегі ескеріліп, 2021-2025 жылдарға арналған жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында бекітілген іс-шара жоспарына Алпысбаев және Сәдуақасов көшелерін орташа жөндеуден өткізу жобасы енгізілген. Ұзындығы 2,2 шақырым нысанда бүгін құрылыс жұмыстары басталды. Сметалық ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ «КАЗПОЧТА» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚР Кәсіподақтар Федерациясының 2023 жыл — «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төраға міндетін атқарушы Жарқынбек Құрманбек пен «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов «Казпочта» ұжымымен кездесті. «Казпочта» акционерлік қоғамы — жергілікті салалық кәсіподақтар ұйымына кіреді. Жиында қатысушыларға кәсіподақтың рөлі мен мақсаты түсіндіріліп, ҚР Кәсіподақтар федерациясының Әлеуметтік мемлекетке 15 қадамды ...

Толығырақ »