Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2024 » Июнь (страница 4)

Месячные архивы: Июнь 2024

Түркістанда “Бақытты әйел” семинар- тренингі өтті

Бүгін Түркістан қаласында “Бақытты әйел” семинар- тренингі өтті. Шараға «Бақытты әйел» қоғамдық қорының өкілдері мен түркістандық 500-ге тарта нәзік жанды қатысты. Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде ұйымдастырылған шарада келушілерге бірнеше бағытта ақпараттық қолдау көрсетілді. Қатысушылар аталған қоғамдық қордың өкілдерінен психологиялық, құқықтық кеңестер алды. Сондай-ақ, өмірлік азық болар пайдалы кеңестер айтылып, арнайы психологиялық ойындар өткізілді. Жалпы, “Бақытты әйел” қоғамдық ...

Толығырақ »

Шымкент қаласының әкімі шаһардағы бірнеше нысандарды аралады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті қала аумағын аралау барысында Әл-Фараби ауданындағы “Shymkent Hub” ғимаратында болды. Инновациялық орталық қаламызда ақпараттық технологияларды қолдау және дамыту мақсатында құрылған. Орталық стартап жобалар, технологиялық компаниялар, инвесторлар, оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы өзара әрекеттесу алаңы ретінде қызмет етеді. Сонымен қатар “Бозарық” шағынауданындағы базар құрылысының барысымен танысты. Жауапты мамандарға барлық жұмысты уақытында аяқтап, аумақты абаттандыруды ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ӨҢІРЛІК КЕҢЕСІНІҢ КӨШПЕЛІ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Әбішов Нұралы Алмаханұлының төрағалығымен көшпелі жиын өтті. Жиынға Түркістан облыстық ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Арынбаев, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық салалық басқарма басшылары қатысты. Кәсіпкерлердің өзекті мәселелері талқыланған мәжілісті ашып, күн тәртібімен ...

Толығырақ »

АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы жұмыс тобы басқосуы өтті. Террористік тұрғыда осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру шараларына қатысты ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен кездесуін аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев ашып, жүргізіп отырды. Жиынға Түркістан облысының Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс- қимыл басқармасының аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі Ермек Сарсенбаев, Түркістан облысының Кәсіпкерлік және ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДАҒЫ БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТА ӨРІК ТЕРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың базасында орналасқан бірегей ботаниқалық бақ – аймақ үшін баға жетпес байлық. Бүгінде 88 гектар аумақты алып жатқан ботаниқалық бақта декоративті және жеміс талдарының 150-ге жуық түрі мен сорты бар. Жылдағы дәстүрге сай, жаз мезгілінің алғашқы күнінен оқу ордасының ботаникалық бағындағы жеміс ағаштары өнім бере бастайды. Бұған дейін де бақтағы шие ағаштарының өнімдері жиналып, жидектен ...

Толығырақ »

Түркістанда қариялардың қатысуымен арналған мерекелік шара өтті

Бүгін Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Қарттарым асыл қазынам» атты мерекелік іс-шарасы болып өтті. Аталған шараға Түркістан қаласы мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы, қала әкімінің орынбасар Қырықбаев Мекенхан, мәслихат депутаттары Сүлейменова Жамила, Тұрманов Бақдаулет, Аюпов Данияр, Арыстанов Жандос және Тағайбаев Жанбота қатысты. Шарада концерттік бағдармалар қойылып, ата-әжелерімізге мерекелік көңіл күй сыйлады. Мерекенің алғашқы құттықтау сөзі мәслихат ...

Толығырақ »

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА 18 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласында 2024 жылдың 5 айында құрылыс саласында атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында көшпелі баспасөз конференциясы өтті. Шымкент қаласы құрылыс басқармасының басшысы Тәжібаев Олжас Пердебайұлы шаһардағы аталған сала бойынша баяндап берді. Спикердің сөзінше, 2024 жылы құрылыс басқармасы тарапынан 275,0 мың шаршы метрді құрайтын 3 382 пәтерлі 77 көпқабатты тұрғын үйдің (Тұран ш/а-2 үй, Бозарық-42 үй, Ақжайық ш/а-33 ...

Толығырақ »

«ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!» АТТЫ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

Түркістан облысы полиция департаментінің нұсқаулығына сәйкес, 24-27 маусым күндері Төлеби ауданы аумағында «Тұрмыстық зорлық зомбылыққа жол жоқ!» атты акциясы өтеді. Мекен жайы: Төлеби ауданы Ленгір қаласы, Төлеби көшесі №142А «Үміт» үйі дағдарыс орталығы. Өтетін уақыты сағат 10:00-ден 18:00 аралығы. Акция барысында өздеріңізді толғандырған сұрақтар, мазалаған проблемалар болса, келіп, не болмаса телефон арқылы хабарласа аласыздар. Байланыс телефондары: Төлеби АПБ-нің ЖПҚБ әйелдерді ...

Толығырақ »

Түлкібаста балық шаруашылығымен айналысуға ниетті кәсіпкерлер саны артуда

Түркістан облысында балық шаруашылығы жақсы дамып келеді. Мемлекет тарапынан да қолдау күшейтілген. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, облыста балық шаруашылығын дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие мен субсидиялар беру және осы салаға инвесторлар тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы орайда, Түлкібас ауданында балық шаруашылығымен айналысуға ниетті кәсіпкерлер саны күн санап көбейіп келеді. Мәселен, Ақбиік ауылындағы «Али ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІК ДЕЛЕГАЦИЯ ХУДЖАНТТА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

17-19 маусым аралығында Шымкент қаласымен бауырлас Худжанд қаласында өткен «Сугд-2024» Х Халықаралық сауда жәрмеңкесіне қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Асылов бастаған делегация қатысты. Іс-шара аясында Қазақстанның Тәжікістандағы елшісі У.Әмірханұлы қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Жұмабекұлы, Соғды облысының төрағасы Раджаббой Ахмадзодамен және Худжанд қаласының төрағасы Ш. Фирдавспен келіссөз жүргізді. Келіссөз барысында Шымкент пен Худжанд қалалары арасындағы ынтымақтастықты арттыру, экономиканың түрлі салаларында бірлескен жобаларды ...

Толығырақ »

СОҢҒЫ 3 ЖЫЛДА АНА МЕН БАЛА ӨЛІМІ АЗАЙҒАН

Шымкент қаласы бойынша соңғы 3 жылда атқарылған жүйелі іс-шаралардың нәтижесінде ана мен бала өлімі азайған. Нәресте өлімі 19,3, ана өлімі 80,4 пайызға төмендеген. Басқарма басшысының орынбасары Сәуле Дүйсенбаеваның айтуынша бұл көрсеткіштерге босандыру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жақсаруы мен мамандарды шет елдерде оқытып, тәжірибе алмасуы септігін тигізген. Ал, жоғары санатты қалалық балалар клиникалық ауруханасы мамандарды оқыту, сонымен қатар мекемеде жоқ медициналық құрал-жабдықтармен ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: 2022 ЖЫЛЫ БЕСІНШІ АУДАН ҚҰРЫЛДЫ

2018 жыл – Қазақстан Республикасы картасындағы әкімшілік-аумақтың құрылымына елеулі өзгеріс енуімен есте қалды. Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы болып келген Шымкент қаласының тұрғын саны 1 миллионға жетіп, республикалық маңызы бар қала мәртебесін иеленді. Осынау тарихи шешім қабылданған 19 маусым Шымкент қаласының күні болып белгіленді. 2014 жылға дейін Шымкентте аудандардың саны үшеу (Абай, Еңбекші, Әл-Фараби) болған. 2014 жылы төртінші аудан құрылып, оған ...

Толығырақ »

Шымкент қаласының әкімі кезекті рет бірнеше нысандарды аралады

Шымкентте қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков кезекті қаланы аралау барысында » САҚ » киностудиясына барып, мультфильмдер мен көркем фильмдерді әзірлеу жұмыстарымен танысты. Шымкент мультипликаторларының жұмыстары көпшілік көрерменнің сүйіспеншілігіне ие болып жүр. Жалпы анимацияның басты мақсаты – жансыз затқа жан беру. Ал көрерменді қиял-ғажайыпқа сендіру үздіксіз еңбек етуді қажет етеді. Әкім осындай жауапкершілік арқалаған киностудия қызметкерлерінің шығармашылық жұмыстарын тамашалаған ол, қазіргі ...

Толығырақ »

В ДЕНЬ ГОРОДА УНИКАЛЬНЫЙ ПРОЕКТ-TULIP HALL РАСПАХНУЛ СВОИ ДВЕРИ В ШЫМКЕНТЕ

Сегодня, 19 июня, впервые было проведено масштабное мероприятие, посвященное Дню города, в новом многофункциональном комплексе “Tulip Hall”. В торжественном мероприятии приняли участие аким города Габит Сыздыкбеков, представители интеллигенции, жители города. Аким города поздравил с праздником и отметил заслуги ряда заслуженных граждан нашего города. — Поздравляю всех присутствующих, всех жителей и гостей Шымкента с праздником нашего любимого города. История Шымкента насчитывает ...

Толығырақ »

ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН КОНГРЕСС ХОЛЛ ҒИМАРАТЫНДА САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласы күніне орай мәдениет ордасы – «Tulip Hall» конгресс холл ғимараты халық игілігіне берілді. «Tulip Hall» ғимаратында алғаш рет «Қала күні» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиынға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары қатысты. Салтанатты іс-шарада қала әкімі бүгінгі мерекемен құттықтап, қаламызға еңбегі сіңген бірқатар азаматтарды марапаттады. -Шырайлы шаһарымыздың бүгінгі ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ПОЭТИКАЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

Түркістанда ақын, жазушы Ілияс Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толуына орай «Қазақ поэзиясының құлагері» атты поэтикалық марафон өтті. Шара облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен қолға алынған. Жиынды филология ғылымдарының докторы, профессор, Түркі әлемінің үздік педагогы Сейдулла Садықов ашып, қаламгердің шығармашылығы бойынша маңызды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР Білім беру ісінің үздігі Баян Адырбек және ардагер ұстаз, Түркістан ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ МҰНАЙ ҚАЛДЫҚТАРЫН ӨҢДЕЙТІН КӘСІПОРЫНДАР АШЫЛАДЫ

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының маңында қосылған құны жоғары өндіріс және мұнай қалдықтарын қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындар ашылады. 2022 қыркүйек айында Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берген болатын. Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметтері бойынша Президент тапсырмасына сәйкес мұнай қалдықтарын шикізат ретінде қайта өңдеуге әлеуетті жобаларды анықтау және мұнай қалдықтарын шикізат ретінде қайта ...

Толығырақ »

МЕГАПОЛИС МЕДИЦИНАСЫ ЖАНДАНҒАН

Ұлт саулығы – ел байлығы. Шымкент республикалық маңызы бар қала статусын иеленген уақыттан бері мегаполистің медицинасы да жанданып келеді. Елімізде денсаулық сақтау саласын жетілдіру үшін жыл сайын жеке меншік секторды қоса отырып қаржыландыру мен басқарудың жаңа әдістері енгізіліп отыр. Сонымен қатар дәрігерлерді оқыту мен олардың біліктілігін арттыру бойынша жаңа кадр саясаты қалыптасып келеді. Шымкент қаласы бойынша амбулаторлық деңгейде 14 мемлекеттік ...

Толығырақ »

Шымкентте өткен жәрмеңкеде мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

Шымкент қаласында Еңбек мобильдігі орталығының ұйымдастыруымен пробация қызметі есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған және алимент берешегі бар тұлғаларға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Мақсаты – борышкерлер мен арнайы есепте тұрған азаматтарды нәтижелі, әрі тұрақты жұмыс орындарымен қамтып, жұмыс берушілерге қажетті маман таңдауға жағдай жасау. Іс-шараға Шымкент қаласының Әділет департаменті тарапынан борышкерлерді және Полиция департаменті, Шымкент қаласы және ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ – БІРІНШІ ОРЫНДА!

Шымкентте ана мен бала денсаулығын нығайту және өлім-жітімді азайту мақсатында кешенді істер жүзеге асырылып отыр. 2023 жылы босандыру және базалық қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 151 бірлік жабдық сатып алынып, босану ұйымдарының көмек көрсету деңгейі көтерілді. Нәтижесінде қалалық №2 аурухананың перзентхана бөлімшесі мен қалалық перзентхана перинаталдық көмектің 3-деңгейіне ауыстырылды. Сондай-ақ Шымкент қалалық №3 аурухананың перзентхана бөлімшесі 2-деңгейге ауыстырылды. Бұл қала перзентханаларының ...

Толығырақ »

ШАҺАРДА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

Шымкент қаласында бүгінде жол-құрылыс жұмыстары қарқын алған. Шымкент автокөлік көбеюі жағынан елімізде көш бастап тұрғандықтан, соңғы жылдары жол құрылысына басымдық берілді. 2023 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қала аумағындағы жақсы және қанағатттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 71,2 пайызға жетті. Бүгінде қалада кептелісті азайтып, көліктерге қолайлы жағдай жасау бағытында бірқатар ірі маңызды жобалар іске асуда. Атап айтқанда, Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысындағы ...

Толығырақ »

Шымкентте Жаңа Шек арнасына су жіберілді

Шымкент қаласындағы Жаңа шек су арнасына БМК каналы арқылы секундына 200 литр су көлемі жіберілді. Су Сайрам, Аймауытов көшелерімен және Тәуке хан даңғылындағы ирригациялық жүйелер арқылы өтіп, Қазыбек би, Тоқаев көшелері бойымен Ордабасы алаңындағы Қошқар ата өзеніне құяды. Жалпы каналдың сыйымдылығы 1000 л/с. Бүгінге дейін су арнасы жауын кезінде қауіптің алдын алу мақсатында ғана пайдаланылған. Өйткені канал айналасында егінді жер ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Төлеби ауданында Жастар орталығының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2023 жылдың тамыз айында басталған құрылыс жұмыстары биылғы жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда еңселі ғимараттың ішкі әрлеу, қабырғасын қаптау, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме – «Construction Group SAMRUK» ЖШС. Ескі ғимараттың еденінен бастап шатырына дейін, толық жаңалануда. Орталық екі қабаттан тұрады. Сонымен қатар мәжіліс зал, концерт зал, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: КЕЗЕКТІ ОН ТОҒЫЗЫНШЫ СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ

Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының кезекті он тоғызыншы сессиясы болып өтті. Жиынды қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы ашып, жүргізіп отырды. Сессия отырысына қала әкімінің орынбасарлары Мекенхан Қозыханұлы, Талғат Байжанұлы және қалалық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары қатысты. Жиын барысында сессияның күн тәртібіндегі 4 мәселе қаралып, бекіттілді. 2023 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы; Түркістан қаласында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің халыққа медициналық ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САРБАЗДАРЫНА БІЛІМ ГРАНТТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

18 маусымда Шымкентте ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің саптық алаңында белгіленген қызмет мерзімін өтеген 1-2023 шақырылым сарбаздарын запасқа шығаруға арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында мерзімді қызмет сарбаздарына тегін негізде жоғарғы оқу орнына оқуға түсу туралы сертификаттар табысталды. Айта кету керек, Шымкент жедел бригадасының 400-ге жуық әскери қызметшісі бағалы сертификаттар алуға үміткер болды. Тек 27-сі ғана жоғары оқу ...

Толығырақ »