Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түркістанда “Бақытты әйел” семинар- тренингі өтті

Түркістанда “Бақытты әйел” семинар- тренингі өтті

Бүгін Түркістан қаласында “Бақытты әйел” семинар- тренингі өтті.
Шараға «Бақытты әйел» қоғамдық қорының өкілдері мен түркістандық 500-ге тарта нәзік жанды қатысты.
Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде ұйымдастырылған шарада келушілерге бірнеше бағытта ақпараттық қолдау көрсетілді.
Қатысушылар аталған қоғамдық қордың өкілдерінен психологиялық, құқықтық кеңестер алды. Сондай-ақ,
өмірлік азық болар пайдалы кеңестер айтылып, арнайы психологиялық ойындар өткізілді.
Жалпы, “Бақытты әйел” қоғамдық қоры әйелдер қауымына жайлы орта қалыптастырып, бақытқа кенелуіне жол сілтейтін орталық. Мұнда психолог, теолог, заңгер, тәрбие және отбасы ісі жөніндегі мамандар әйелдердің мүддесін қорғайды. Оларға кәсіби тұрғыда кеңес беріп, күйзеліске түспей, жетістікке жетуге баулиды.

Пікір жазу