Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: КЕЗЕКТІ ОН ТОҒЫЗЫНШЫ СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: КЕЗЕКТІ ОН ТОҒЫЗЫНШЫ СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ

Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының кезекті он тоғызыншы сессиясы болып өтті. Жиынды қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы ашып, жүргізіп отырды. Сессия отырысына қала әкімінің орынбасарлары Мекенхан Қозыханұлы, Талғат Байжанұлы және қалалық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары қатысты.
Жиын барысында сессияның күн тәртібіндегі 4 мәселе қаралып, бекіттілді.
2023 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы;
Түркістан қаласында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің халыққа медициналық қызмет көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы» және қаладағы денсаулық сақтау мекемелерінің халыққа медициналық қызмет көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарының барысы туралы;
Түркістан қаласы әкімдігінің «ішкі саясат бөліміне» жүктелген міндеттер мен функциялардың 2023 жылдың қорытындысы және 2024 жылдың есепті кезеңінде атқарған жұмыстары жөніндегі есебі;
Түркістан қаласы әкімдігінің «мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт» бөліміне жүктелген міндеттер мен функциялардың 2023 жылдың қорытындысы және 2024 жылдың есепті кезеңінде атқарған жұмыстары жөніндегі есебі туралы мәселелер қаралды.
Жиын соңында депутаттар тарапынан күн тәртібіндегі мәселеге байланысты біршама сұрақтар қойылып, ол өз деңгейіндегі жауаптармен толықтырылды. Көрсетілген мәселе бойынша ұсыныстар бірауыздан мақұлданып, шешім қабылданды.

Пікір жазу