Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДА ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ПОЭТИКАЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ПОЭТИКАЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

Түркістанда ақын, жазушы Ілияс Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толуына орай «Қазақ поэзиясының құлагері» атты поэтикалық марафон өтті. Шара облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен қолға алынған. Жиынды филология ғылымдарының докторы, профессор, Түркі әлемінің үздік педагогы Сейдулла Садықов ашып, қаламгердің шығармашылығы бойынша маңызды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР Білім беру ісінің үздігі Баян Адырбек және ардагер ұстаз, Түркістан қалалық ардагерлер ұйымының мүшесі Сиякүл Мұстапаева, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң түлектер қауымдастығының төрағасы Мәриям Асанова мен басқа да жоғары оқу орындары мен мектеп ұстаздары және жас ақындар іс-шараға қатысты.
Шара барысында Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығынан бейнеролик көрсетіліп, Ілияс пен оның сүйікті жары Фатиманың хаттарынан үзінді қойылым көрсетілді. Сондай-ақ, Түркістан қалалық Балалар мен жасөспірімдер орталығының көркем сөз үйірмесінің оқушылары ақынның дастандарынан әдеби композиция оқыды. Одан бөлек, арнайы жасақталған кітап көрмесі таныстырылды. Шараға белсенді қатысқан оқушылар алғыс хатпен марапатталды.

Пікір жазу