Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласында 2024 жылдың 5 айында құрылыс саласында атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында көшпелі баспасөз конференциясы өтті. Шымкент қаласы құрылыс басқармасының басшысы Тәжібаев Олжас Пердебайұлы шаһардағы аталған сала бойынша баяндап берді. Спикердің сөзінше, 2024 жылы құрылыс басқармасы тарапынан 275,0 мың шаршы метрді құрайтын 3 382 пәтерлі 77 көпқабатты тұрғын үйдің (Тұран ш/а-2 үй, Бозарық-42 үй, Ақжайық ш/а-33 үй) құрылысын жүргізу жоспарланған. Ал, 67,3 мың шаршы метр құрайтын 712 пәтерлі 11 тұрғын үйдің (Ақжайық ш/а-7 үй, Бозарық ш/а-4 үй) құрылысы 2025 жылға өтпелі.
Оның ішінде — арендалық 8 үй (828 пәтер) болса, кредиттік 69 үй (2554 пәтер). Срндай-ақ биылғы жылы 77 тұрғын үйден 207,6 мың шаршы метр құрайтын 2 670 пәтерлі 66 тұрғын үйді (кредиттік — 62, арендалық — 4) пайдалануға тапсырылатын болады. Оның ішінде ағымдағы жылдың наурыз айында 180 пәтерлі (14,0 мың шаршы метр) 2 тұрғын үй пайдалануға тапсырылған. Олжас Пердебайұлы айтқандай, бүгінде Шымкент қаласында Ұлттық жоба аясында 18 мектептің (28 000 орын) құрылысын іске асырылуда. Соның ішінде, 12 мектептің (17 300 орын) құрылысын 2024 жылы, ал 6 мектептің (10 300 орын) құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарланған.
Сонымен қатар, 2 спорт нысандарының құрылысы жүргізілуде (№12 спорт мектебі және №15 спорт мектебі). Биыл 1 спорт нысанының құрылысын (№12 спорт мектебі. ҚМЖ-70%) аяқтау жоспарланған. 1 нысан (№15 спорт мектебі. ҚМЖ-10%) құрылысы 2025 жылға өтпелі. Бұдан бөлек, Шымкент қаласындағы жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 1900 пәтер сатып алуға бюджеттен 34,9 млрд. теңге қарастырылған (ЖБ–30,1 млрдр.тг., РБ–4,8 млрд.тг). Оның ішінде жұмыс жасайтын жастарға 900 пәтерді және халықтың әлеуметтік осал топтарына 1000 пәтерді, нарықтан сатып алу жоспарланған. Сонымен қатар, 100 көпқабатты тұрғын үйдің (Бозарық-4, ақжайық-9, Тұран-87) ЖСҚ-сы әзірленуде. 2024 жылы қала аумағында 12 инженерлік инфрақұрылым нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның, 11 нысаны 2024 жылдың қорытындысымен пайдалануға тапсыру жоспарланған. Атап айтқанда, Бозарық ш/а — 7 нысан; Тұран ш/а – 3 нысан; Әкімішілік іскерлік орталығы – 1 нысан; Ақжайық ш/а – 1 нысан. Қалған 1 нысанның (Ақжайық ш/а) құрылысы 2025 жылға өтпелі болмақ. Бұдан бөлек, 2 нысанның (Тұран ш/а 40 үйге 1-кезек, Тұран ш/а 40 үйге 2-кезек) ЖСҚ-сы әзірленуде. Ал кепілдік мерзіміндегі тұрғын үйлер бойынша қазіргі таңда, басқарма есебінде 174 (10 382 пәтер) көпқабатты тұрғын үйдің кепілдік мерзімдері бар (Тұран-2 ш/а-88 үй, Шымкент сити ш/а-24 үй, Нұрсат-3 ш/а-44 үй, Бозарық ш/а-18 үй). 2024 жылдың 5 айында 10 382 пәтерден 198 кемшілік анықталып, оның 188-і кепілдік мерзімге сәйкес мердігер мекемелер тарапынан қалпына келтірілді. Қалған 10 кемшілік бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Салыстырмалы түрде, 2023 жылы 10 382 пәтерден 556 кемшілік анықталып, қалпына келтірілген.