Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының маңында қосылған құны жоғары өндіріс және мұнай қалдықтарын қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындар ашылады. 2022 қыркүйек айында Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берген болатын.
Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметтері бойынша Президент тапсырмасына сәйкес мұнай қалдықтарын шикізат ретінде қайта өңдеуге әлеуетті жобаларды анықтау және мұнай қалдықтарын шикізат ретінде қайта өңдейтін әлеуетті инвесторлар тізімін қалыптастыру барысында «Hill Resources», «Алмэкс Полимер» және «Эколайф Астана» серіктестіктерінің жобалары айқындалған.
Нақтырақ айтар болсақ, «Hill Resources» ЖШС-і негізгі майлар өндірісін қолға алмақ. Бұл жобаның инвестициялық құны 270 млрд. теңгені құрайды. Зауыттың қуаттылығы жылына 500 мың тонна мазутты қайта өңдеуге жетеді. Кәсіпорынның құрылысы 2023 басталып, 2026 жылы іске қосылады деп жоспарланған.
Ал, «Алмэкс Полимер» ЖШС-і ұнтақталған полипропилен өндірісін жолға қою үшін 38 млрд. теңге инвестиция құюға әзір. Аталған кәсіпорын 2025 жылы іске қосылған кезде жылына 80 мың тонна ұнтақталған полипропилен өндіретін болады.
Айта кетейік, «Эколайф Астана» компаниясы құрамында мұнайы бар және басқа да қалдықтарды кәдеге жаратуға бағытталған зауыт ашуды көздеп отыр.
Еске сала кетсек, 17 мамырдан бастап шетелдік автокөліктерге арналған бензин мен дизель отыны бекітілген бағамен саудалану басталды.
Ішкі нарықтағы жанармай теңгерімін сақтау, сондай-ақ мұнай өнімдерінің ағыны мен «сұр» экспортының тәуекелдерін барынша азайту мақсатында ҚР Энергетика министрінің шетелдік көліктерге арналған АИ-92, АИ-93 бензині және дизель отындарының жаңартылған бағалары бойынша бұйрығы жарияланды.
«АИ-92 және АИ-93 бензині — литріне 245 теңге; Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде тәулігіне 100 литрге дейінгі мөлшерде — литріне 205 теңге; Қазақстан Республикасында берілген мотоциклдерге, жеңіл автомобильдерге, жүк көліктеріне, арнайы, мамандандырылған жеңіл автомобильдерге және автобустарға жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу куәлігін көрсеткен кезде — тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде — литріне 205 теңге; Дизельдік отын (жазғы, маусымаралық) — литріне 315 теңге; Қазақстан Республикасында тіркелген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде тәулігіне 100 литрге дейінгі мөлшерде — литріне 295 теңге; Қазақстан Республикасында берілетін жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу куәлігін көрсеткен кезде жүк көліктеріне, арнайы, мамандандырылған жеңіл автомобильдерге және автобустарға тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде — литріне 295 теңге», — делінген құжатта.
Қазақстан Республикасының куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлігі бар азаматтар үшін жанар-жағармай бағасы өзгеріссіз қалады. Айта кетейік, қазіргі уақытта жанар-жағармай қорын өндіру, жөнелту және толықтыру үздіксіз жүргізілуде, бұл ретте мұнай өнімдерінің қомақты қорының болуына байланысты ішкі нарықтағы жағдай тұрақты.