Бүгін Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Қарттарым асыл қазынам» атты мерекелік іс-шарасы болып өтті. Аталған шараға Түркістан қаласы мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы, қала әкімінің орынбасар Қырықбаев Мекенхан, мәслихат депутаттары Сүлейменова Жамила, Тұрманов Бақдаулет, Аюпов Данияр, Арыстанов Жандос және Тағайбаев Жанбота қатысты.
Шарада концерттік бағдармалар қойылып, ата-әжелерімізге мерекелік көңіл күй сыйлады. Мерекенің алғашқы құттықтау сөзі мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы мен қала әкәмінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлына ұсынылды.
Өз құттықтауында халық қалаулысы, үлкенді сыйлау, құрмет көрсету ата бабамыздан келе жатқан үрдіс, күндіз түні аянбай тер төгіп еңбек еткен қарияларымызға алғыс айтып толағай табыс тіледі.
Шараға арнайы келген қарттарымыздың барлығына бірдей сыйлық беріліп құрмет көрсетілді.
Ақ баталы аталарымыз бен мейірімді әжелеріміз, қайратты ақсақалдарымыз бен ардагер ел қаһарманы ағаларымыз аман болсын.
Ел ағаларына алғыс айтып батасын берген ата-әжелеріміз төрт көзіміз түгел келер жылдың мерекесіне аман-есен жетуге дұға тіледі.