Осы орайда, Түлкібас ауданында балық шаруашылығымен айналысуға ниетті кәсіпкерлер саны күн санап көбейіп келеді. Мәселен, Ақбиік ауылындағы «Али студия» жеке кәсіпкерлігі дәл осы кәсіп түріне қызығушылық танытқан. Аталған жеке кәсіпкерлік жасанды екі тоған жасап, қазіргі таңда тоғанға форель балығының 5 мың шабағын жіберген.
Қазақстан балық ресурстарына өте бай. Елдің экономикалық дамуында балық шаруашылығы ерекше рөл атқара алады. Соңғы уақытта бұл салада үлкен жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда Үкімет қабылдаған бастамалардың арқасында балық шаруашылығы айтарлықтай сәтті дамуда. Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың тамыз айында қолда бар мүмкіндіктерді дамыту қажеттігін атап өтіп, биылғы қараша айына дейін балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеп, бекітуді тапсырды. Балық саласының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ Президент тапсырмасының іске асырылуы туралы шолу материалынан оқыңыздар.
Қазақстан өзінің бай және бірегей табиғатының арқасында балық шаруашылығының айтарлықтай қуатты қорына ие. Бұл бағытта экспорттық әлеуеті де жоғары.
Қазақстан мұхит балығы мен теңіз өнімдерін импорттайды. Олар — майшабақ, скумбрия, асшаян, мидия және басқалары. Бұл өнімдер Норвегия, Ресей, Исландия, Қытай және Балтық елдерінен импортталады
Өз кезегінде, Қазақстан жыл сайын шамамен $60 млн сомасына 36 жақын және алыс шет елдерге 30 мың тонна балық өнімдерін экспорттайды.
Негізінен балықтың жон еті, қақталған-ысталған өнімдер және мұздатылған балық еті экспортталады. Мысалы, көксерке еті Еуропалық Одақ елдерінде (Германия, Нидерланды) қазақстандық бренд болып табылады, қақталған-сүрленген өнім Ресейге, Украинаға, Литваға, Қытайға және басқа елдерге экспортталады. Бұл ретте біздің жанымызда экспорт үшін маңызды әлеуетті нарықтар бар.
Қазақстанда жан басына шаққанда балықты аз тұтынады. Айталық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адам басына шаққанда жылына 16 келіден кем емес балық тұтынуды ұсынса, Қазақстанда бұл көрсеткіш бір адамға 4 келіден келеді. Өз кезегінде, көршілес Ресейде адам басына 23 келі, Қытайда 45 келі балық тұтынылады. Осылайша, шекара маңындағы аудандарды ескергенде, балық өнімдерінің экспорттық потенциалы 3 млн тоннадан асып түсуі мүмкін. Бүгінгі таңда Қазақстанда мыңнан астам балық шаруашылығы субъектілері жұмыс істейді. Оларға 1646 балық шаруашылығы су айдыны мен олардың учаскелері бекітілген. Салада 11 мыңнан астам адам жұмыс жасайды.
Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға, балық өсіру, тұтыну және экспорт көлемін жоспарға сай арттыру мақсатында, жыл басында ҚР Үкіметінің Қаулысымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті ал, ақпан айында Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы құрылды.
«ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы комитеті құзыреті шегінде Шымкент қаласы, Қызылорда және Түркістан облыстары әкімшілік шекарасы шегіндегі Арал-Сырдария бассейнінің аумағында және су айдындарында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы іске асыру, реттеушілік, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімше болып табылады.Сондай-ақ, Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасы қабылданды.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес,«Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік Бағдарламасы» әзірленіп, облыс әкімдігімен 2020 жылғы 30 қазанда №127 қаулысымен бекітілді. Бағдарламаға сәйкес 2030 жылға дейін 16 шабақтық шаруашылық, 12 тоған шаруашылық, 3 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғылары іске қосылуы және көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарының саны 55-ке жеткізу жоспарланған. Бағдарламамен жалпы 49 су айдынына гидротехникалық құрылыс салу көзделген. 2021 жылы 19 су айдындарының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге облыстық бюджеттен 16232,7 мың теңге қаржы бөлінді. 2022 жылы мемлекеттік сараптаманың қорытыныдысын алу жұмыстарына 5,5 млн теңге қаржы сұратылып, облыстық экономика және қаржы басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. Алайда, 2022 жылы облыстық бюджеттік комиссия отырысында аталған жоба қолдау таппады. 2023 жылға көрсетілген жұмыстарға облыстық бюджеттен 5456,8 мың теңге қаржы сұратылған.
2023 жылғы қаңтар–қарашада балық және аквашаруашылық саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 есе өсті. Осы аралықта бұл саланы дамытуға 20,2 млрд теңге инвестиция тартылса, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш әлдеқайда аз — 8,6 млрд теңге болатын. Ұзақ мерзімді динамика бұл салаға инвестициялық қызығушылықтың 2021 жылдан бастап байқалатынын дәлелдейді. Содан кейін толық жылдың қорытындысы бойынша күрделі салымдар көлемі бірден 6,8 есе, ал 2022 жылы тағы 1,6 есе өсті.
Салаға қолма-қол ақшаның айтарлықтай салынуы өндіріс көлемі мен қаржылық көрсеткіштерге бірден әсер етті. Егер 2021 жылға дейін балық шаруашылығын дамыту түрлі табыстармен жалғасатын болса, мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан кейін өсірілетін балық көлемі физикалық көрсеткіште және тиісінше жалпы құны өсті. 2021 жылы балық шаруашылығының барлық өнімінің жалпы көлемі 5,7 млрд теңгеге бағаланса, 2022 жылы қазірдің өзінде 11,1 млрд теңгеге бағаланды.
Соңғы жылдары акваөсіру қорларының өсуі айтарлықтай болды. 2018–2022 жылдар аралығында бұл көрсеткіш үш еседен астам: 5,7 мыңнан 19,2 мың тоннаға дейін көбейді. Кәсіпкерлер бұл салаға қызығушылық танытып отыр, өйткені бұл салаға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіле бастады. Мысалы, балық өсіретін шаруашылықтар үшін салықтар 70% төмендеді, кәсіпкерлер инвестицияның 25%-ын өтеуге, сондай-ақ жемшөп құнының 30%-ы және шабақ, дәрі немесе бағалы балық түрлерінің аналығы құнының 50%-ы мөлшерінде субсидия алуға арқа сүйей алады. Бұл ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі (ЭТРМ) Балық шаруашылығы комитетінің мәліметі.
Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) мәліметі бойынша, акваөсіру саласы ақуыз өнімдерін өндіруде әлемде ең қарқынды дамып келе жатқан бағыт болып табылады.Мәселен, өсірілетін балықтың әлемдік көлемі 60 жыл бұрын небары 1 млн тоннаны құраса, бүгінде бұл көрсеткіш 82 млн тоннадан асып түседі. Бұл ретте, соңғы 25 жылдың өзінде акваөсіру көлемі 67 млн тоннаға немесе 450%-ға өсті. Ал балық аулау көлемі, тұрақты деңгейде.Қазақстанда балық өсіру саласының потенциалы өте жоғары. Соңғы 7 жылда өсірілген балық көлемі 9 есе, яғни 800 тоннадан 7,4 тоннаға дейін өсті. Елімізде осы шаруашылықпен 180 балық өсіру шаруашылығы айналысады, онда мыңнан астам адам (1126) жұмыс істейді.Жасанды балық өсіру шаруашылықтары бұдан да көп болуы керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған жан басына шаққанда 16 келі балық тұтыну нормасына қол жеткізу үшін шамамен 300 мың тонна балық өсіру қажет.Балықты жасанды өсіру бойынша Түркістан облысы көшбасшы болып табылады, оның көлемі 5 мың тонна (68,7%).