Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 27.10.2026

МЕРЕКЕГЕ ТАРТУ: ЖЕТІСАЙЛЫҚ 20 ОТБАСЫҒА БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Халқы тығыз орналасқан Жетісай ауданында баспанаға мұқтаж жандардың, соның ішінде жас мемлекеттік қызметкерлермен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар мен жетім балалар, әлеуметтік қолдауды қажет ететін аз қамтамасыз етілген отбасылар мен жалғызбасты, көпбалалы аналардың әлеуметтік мәселелерін шешуге айқын бетбұрыс жасалған. Жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Жетісай ауданында «25 қазан – Республика күні» қарсаңында тағы 20 отбасы баспаналы болды. Баспана кілтін тапсыру рәсіміне Жетісай ...

Толығырақ »

ШАРДАРА: СҮТКЕНТ АУЫЛЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Шардара ауданының Сүткент ауылында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Қарсыбаев, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты. Жаңа спорт кешенінің ашылуы – ауылдық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды қадам. Нысан ауыл жастарының спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасап, бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ 30 ОТБАСЫ САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ

 Шымкентте 30 жаңа пәтердің кілтін табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.  Көп қабатты үйлер Бозарық және Асар-2 шағынаудандарында пайдалануға беріліп отыр. Жаңа баспаналар заманауи талаптарға сай салынып, қажет инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етілген.  Пәтерлер сатып алу құқығымен жалға берілді. Баспаналы болғандар қатарында мүгедектігі бар азаматтар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көп балалы және толық емес отбасылар, Ұлы Отан ...

Толығырақ »

Профилактикалық иммундау – инфекциялық аурулардан қорғанудың маңызды бағыты

Жұқпалы аурулардың алдын алу, балалардың денсаулығын қорғау және ұжымдық иммунитетті қалыптастыруда вакцинацияның маңызы зор. Әсіресе күз-қыс мезгілінде эпидемиологиялық қауіпсіздікті сақтау үшін екпені уақытылы алу өзекті. Бұл мәселелер Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында талқыланды. Жиында Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Мелесқызы Тұрымбетова тұрғындарды профилактикалық екпелерден бас тартпауға шақырды. Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында жүргізілетін иммундау шаралары ...

Толығырақ »

Вакцинацияның жұқпалы аурулардың алдын алудағы маңызы

Жұқпалы аурулардың алдын алу және олардың таралуын шектеу – денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарының бірі. Бұл ретте вакцинация инфекциялық ауруларға қарсы иммундық қорғанысты қалыптастыруға, аурушаңдық деңгейін төмендетуге және ықтимал асқынулардың қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Иммундау нәтижесінде ағзада белгілі бір инфекцияларға қарсы иммундық жауап қалыптасып, аурудан қорғану қабілеті артады. Вакцинопрофилактиканың маңыздылығы мен жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ...

Толығырақ »