Баланы Отанға деген сүйіспеншілікке, адамдарды және дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көрегенділік пен адалдыққа тәрбиелеуіміз керек. Осынау құндылықтарды қалыптастыруда негізгі орын отбасына және білім беру саласына тиесілі.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған ақпараттық — ағартушылық Штаб мүшелері №24 орта мектеп ұжымымен кездесті, деп жазады департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.
Бүгінгі білім саласының қызметкерлерімен кездесуге облыстық ақпараттық-ағарту штабының мүшелері Айдос Абпазов және Ерұлан Тұңғышбаев қатысты.
Ұлағатты ұстаздармен кездесу барысында Штаб мүшесі Айдос Кенжеханұлы ақпараттық үгіт-насихат штабының жұмысы туралы баяндай келе, «Ұлт болып ұйысудың басты тетігі — рухани тәрбие, яғни адамзаттың бойында адамгершілік, әдептілік, адалдық, әділдік және парасаттылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру. Сонда ғана сыбайлас жемқорлық сияқты теріс құбылыстың қоғам өмірінде жолы кесіледі» — деді.
Ал, Ерұлан Икрамұлы «Білімді ұрпақ тәрбиелеп, парасатты адам болып қалыптасу қажет. Біз адалдық қасиеттерін кіршіксіз таза ұстануымыз керек. Парасаттылық — адам өмірінде мәдениеттілік пен көрегенділік сипатына ие. Адамның көңілі таза, пейілі кең, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді. Біз, ұрпақ тәрбиелей отырып, бүтіндей қоғам тәрбиелейміз» — деп қорытындылады.
Өткен жылдың қараша айында өз жұмысын бастаған облыстық үгіт-насихат Штабы бүгінгі күні ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді.