Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » Арыс ауданында тәртіп сақшылары бір центнер балықты заңсыз аулаған браконьерді құрықтады

Арыс ауданында тәртіп сақшылары бір центнер балықты заңсыз аулаған браконьерді құрықтады

Арыс ауданының табиғатты қорғау полицейлері «Охотзоопром» қызметкерлерімен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар барысында Көксарай су қоймасында заңсыз балық аулаған браконьерді ұстады. Бүл туралы Түркістан облыстық Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды.


Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, Қызылорда қаласының тұрғыны резеңке қайық пен «Қытай торы» арқылы заңсыз балық аулаумен айналысқан. Күдіктіден 90 келіден астам балық, қайық және балық аулау құралдары тәркіленді.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы «балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау» бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жыл басынан бері Түркістан облысы ПД-нің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері балық ресурстарын заңсыз аулаудың 5 жайтын анықтады және браконьерлерден 800 келіге жуық балық тәркіленді.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері балық ресурстарын заңсыз аулау саласындағы табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Пікір жазу