Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » Түркістан қаласы студенттерімен кездесу өткізілді

Түркістан қаласы студенттерімен кездесу өткізілді

Жуырда Түркістан қаласында студенттермен кездесу өткізілді. Түркістан жоғары медицина колледжінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және жастарды кәсіпкерлікке баулу мақсатында Түркістан полицейлері мен жас мамандардың ұйымдастыруымен арнайы жиын өткізілді, деп жазады Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

Кездесуге 150-ге жуық студенттер қатысты. Іс-шараға Облыстық жастар орталығының бірнеше қызметкерлері мен Түркістан қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция капитаны Керім Қапашов қатысты. Кездесуде жастарға алдағы өмірлеріне қажетті ақыл-кеңестер айтылды. Әрдайым жаман әдеттерден алшақ болу керектігі түсіндірілді. Сондай-ақ, аға буын өкілдері жастарға өздері қалап түскен, оқып отырған мамандықтарына адал болып, сүйіспеншілікпен қарап, жауапты қызмет атқаруға шақырды. Өз кезегінде студенттер де көкейдегі сауалдарын қойды, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Келген қонақтар, жастарға нақты жауаптар қайтарды.


Жалпы, жалындаған жастардан тек жақсылық күтетін халықпыз. Жастар қашанда өзінен үлкендерді көріп, солардың тағылымды естеліктерін тыңдап өскен. Сондықтан мұндай рухани тұрғыда дамытатын, кәсіби шеберлікті қалыптастырып, өмірлік сабақ болар кеңестер берілетін кездесулер болашақта да жиі ұйымдастырылып тұрмақ.

Пікір жазу