Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » Арыс және Төлеби аудандық полиция бөлімінің басшылары халыққа есеп берді

Арыс және Төлеби аудандық полиция бөлімінің басшылары халыққа есеп берді

Түркістан облысы, Арыс АПБ-нің басшысы полиция полковнигі Нұрлан Амангелдіұлы Исабеков 2019 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша халықпен кездесу жиынын өткізді. Арыс ауданы әкімшілігінің мәжіліс залында ұйымдастырылған кездесуге Арыс қаласының әкімі М. Қадырбек, Түркістан облысы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Есимов Ғалымжан Абайұлы және 100-ден астам қала тұрғындары қатысты.


Кездесу барысында сөз алған тұрғындар полиция басшысының жыл бойында атқарған жұмыстарына оң баға беріп, өз ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар кейбір қатысушылар қала халқының санының артып жатқанына орай учаскелік полиция инспекторларының жеткіліксіз екендігі мен шет мемлекеттерден алып келінген автокөліктердің елімізде рәсімделу реттілігі туралы мәселелері қозғалды. Полиция полковнигі Н.Исабеков барлық сұрақтарға нақты әрі түсінікті жауабын беріп отырды.
Сонымен қатар, дәл осындай есеп беру жиыны Төлеби ауданында да өтті.

Төлеби аудандық полиция бөлімінің басшысы полиция полковнигі Бауыржан Жанаев өткен жылдың қорытындысы бойынша толық баяндамасын оқыды. Ауданның мәдениет үйінде өткізілген жиынға ТО Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Н.Жалғасов, аудан әкімі Б.Омарбеков, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Шыңғысбаев, аудан прокуроры Д.Тлемисов, аудандық соттың төрағасы Ж.Сейтжаппаровтар мен тұрғындар қатысты. Кездесу барысында полиция бөлімінің басшысы халық тарапынан айтылған әрбір мәселеге жіті мән беріп, сауалдарға толығымен жауап берді.


Сондай-ақ, бөлім басшысы тұрғындарға мейлінше сақ болып, мал ұрлықтарының алдын алу үшін қора жайларын бекітіп, ұрлық немесе қылмыс орын алған жағдайда бірден полицияға хабар беру керектігін ескертті. Жиын соңында қараша халық басшының қызметіне сәттілік тілеп, құттықтау сөздерін жеткізді. Полиция полковнигі Бауыржан Жанаев өз тарапынан халықтың көтерген мәселелерінің шамалап шешілетіндігін, полицейлерге сенім білдіру керектігін айтты.

Түркістан облысының полиция Департаменті

Пікір жазу