Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » Түркістан облысының полицейлері тәртіп сақшыларына пара беруге тырысқан жүргізушіні ұстады

Түркістан облысының полицейлері тәртіп сақшыларына пара беруге тырысқан жүргізушіні ұстады

Түркістан облысының полицейлері тәртіп сақшыларына пара беруге тырысқан жүргізушіні ұстады, деп жазады Түркістан Облысының Полиция Департаментіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

19.02.2020 жылы шамамен сағат 17:15-тер шамасында Түркістан қаласы ЖПБ патрульдік полиция инспекторлары мен Түркістан облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесе отырып, аталған инспекторларға 10 мың теңге көлемінде ақша ұсынған, Түркістан қаласының тұрғыны «Тойота» автокөлігінің жүргізушісін ұстады.


Анықталғандай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, жол қозғалысы ережелерін бұзған автокөліктің жүргізушісі көлікті айыптұрағына қойдырмау мақсатында полиция қызметкерлеріне өзін әкімшілік жауапкершілікке тартпауы үшін пара беруге тырысқан . Бұл оқиға туралы тәртіп сақшылары бірден Түркістан облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлайды. Нәтижесінде, құқық бұзушы оқиға орнында ұсталды.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 367-бабының 1-бөлігі «Пара беру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, айғақты зат алынды. Автокөлік айыптұрағына қойылды.
Сонымен қатар, жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596 бабының 3 бөлігімен «көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу ережелерін бұзу»әкімшілік хаттама толтырылды.

Пікір жазу