Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «АУЫЗ АШАР» ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ ФРАКЦИЯ МҮШЕСІ ҮН ҚАТТЫ

«АУЫЗ АШАР» ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ ФРАКЦИЯ МҮШЕСІ ҮН ҚАТТЫ

«BIZBIRGEMIZ»​ ​республикалық акциясы аясында​ «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалы Саяси Кеңесінің мүшесі, мүмкіндігі шектеулі азаматша, кәсіпкер Рүстемова Ұлбосын Қаржауқызы Үндеу тастаған «Ауыз ашар» челленджіне Келес аудандық маслихат депутаты, маслихаттағы «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі жомарт азамат Нұралы Давлетияров үн қатып жалғастырды, деп жазады Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.


Халық қалаулысы «BIZBIRGEMIZ»​ ​республикалық акциясы аясында​ «Ауызашар» ретінде 50 отбасына 500 мың теңгеге бірінші кезектегі азық-түлік себетін аудандық филиалға жолдады.
Азық-түлік себеттері партияның «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» және «Бақытты отбасы» жобалары негізінде Бастауыш партия ұйымдары, «Jas Otan» Жастар Қанаты белсенділері және Келес аудандық Жастар ресурстық орталығының ерікті жастары арқылы Абай ауылы мен Алпамыс батыр және Ұшқын ауылдық округтері аумағындағы мүмкіндігі шектеулі, жалғызбасты, көпбалалы және тұрмысы төмен​
мұқтаж 50 отбасына жеткізіп берілді.


Азық-түлік себеттерін жеткізуге еріктілер қатарында жерлестеріміз «Шалқар» Республикалық термешілер байқауының 2 дүркін жеңімпазы, термеші Гүлайна Сұлтанова мен Жайдарманшы «Сенсация» командасының құрамында «Nur Otan» Кубогының 4 дүркін чемпионы, «Орта Азия» Кубогының 4 дүркін чемпионы атанған, биылғы жылы «Жайдарман-2020» маусымында 1/4 финалға шыққан «Келес құрамасы» сапында өнер көрсетіп жүрген Ермеков Ардақ та атсалысты.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу