Түркістан қаласы әкімінің үндеуі
Құрметті жерлестер!
⠀
ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссиясының 17.04.2020 жылғы шешімімен 18 сәуір 2020 ж. сағат 00.00-ден бастап Түркістан қаласында карантин режимі енгізіледі.
⠀
Карантин кезеңінде талаптар мен шектеулер барлық жеке және заңды тұлғалар тарапынан орындалуы міндетті.
⠀
Қойылған талаптардың дұрыс орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жақын арада тұрғындарға онлайн рұқсаттама алу мүмкіндігін беретін арнайы платформа іске қосылады. Толығырақ ақпарат береміз.
⠀
Қалаған затыңыз қолжетімді жерде табылмаған жағдайда, басқа да дүкендерден онлайн тапсырыс беріп, үйге дейін жеткізу қызметі де өз жұмысын бастап кетті.
⠀
Жұмысы тоқтатылмайтын кәсіпорындар мен ұйымдар қызметкерлерінің жұмысқа дейін және қайта үйіне дейін жеткізілу механизмі қарастырылуда.
⠀
Мемлекеттік қызметтерді және басқа да көптеген қызметтер қазірдің өзінде интернеттен табылады.
⠀
Қадірменді достар!
⠀
Кез келген індеттің таралуын болдырмау өз қолымызда. Арамыз алшақтай түскенімен бұл қиын қыстау заманда да #birgemiz!
© DIDARBEK.kz