Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЭВАКУАЦИЯЛАНҒАН ТҰРҒЫНДАРҒА ТАРАТТЫ

ЭВАКУАЦИЯЛАНҒАН ТҰРҒЫНДАРҒА ТАРАТТЫ

Түркістан облысы Келес ауданы Бозай ауылдық округіндегі «Құт Береке» шаруа қожалығының иесі Сопбеков Амангелді 20 қойдың етін Мақтааралдағы төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға үлестірді, деп жазады Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі.

Аталаған өнім Мақтарааралдағы Келес ауданының штабына жеткізіліп, қажетті эвакуациялық пункттерге таратылуда.
Мақтааралдағы Келес ауданына жауапты болып бекітілген Фирдауси және Жантақсай елді мекендерінің тұрғындары Атакент кентіндегі 4 эвакуациялық пунктке орналастырылып, Игілік ауылындағы №44 Ә.Науаи мектебі Келес ауданының штабы болып бекітілді. Сол жерде жалпы 3 қойма орналасып, қалған 3 пункттегі тұрғындарға керекті жарақтар арнайы штабтың қоймасынанан таратылуда. Жалпы қоймаға Келес аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Мадияр Әшірбаев жауапты болып бекітіліп, қол астындағы 4 маманымен мақтааралдық тұрғындардың қызметінде. Жалпы бүгінде штабтық қоймада жан-жақтан келген көмектің арқасында 1 аптаға жететін қор бар. Эвакуацияланған тұрғындардың сұрансы толығымен қанағаттандырылуда.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу