Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ШТАБ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

ШТАБ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты құрылған штабтарда жұмыс қызу үстінде. Бүгінде штаб мүшелері бекітілген тапсырмалар мен міндеттемелерді мұқият қарап, жұмысқа жұмыла кірісуде.

Келес ауданы әкімдігі тарапынан штаб құрылып, штабқа Келес аудан әкімі аппаратының қызметкері Сәкен Жолдыбаев басшылық жасауда.

Жалпы Келес ауданы әкімінің аппарты, дербес бөлімдер және ауылдық округтерінің мамандарынан жасақталған топ, тасқын судан зардап шеккен Фирдауси ауылы тұрғындарының тізімін жасап, жалпы мәліметтерін арнай ақпараттық жүйеге рәсімдеуде.

Осы кезге дейін мәлім болғандай зардап шеккен мақтааралдық тұрғындарға өтемақы және үй жайын ретке келтіру бойынша жұмыстар алдында нақты құжаттарға сүйеніп жұмыс жүргізу тиімді болары анық. Бүгінгі таңда жұмысшы топ №44 Ә.Науаи мектебіндегі эвакуациялық пунктке жайғасқан 500  тұрғынның 80 пайызға жуығының мәліметтерін түгендеп үлгерді. Дәл осындай жұмыстар Келес ауданы жауапты етіп белгіленген тағы 3 эвакуациялық пункттерде жалғасуда.

© Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу