Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » 282 745 АЗАМАТҚА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

282 745 АЗАМАТҚА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкенттік 282 745 азаматқа әлеуметтік көмек тағайындалды, деп жазады Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі.

2020 жылғы 11 мамыр, сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 535 530 адамнан өтініш түскен.

Оның ішінде 282 745 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 248 835 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған.

Жалпы әлеуметтік төлем алатын 282 745 азаматтың ішінде 269 966 өтініштер бойынша, ал, 12 779-іне проактивті (атаулы әлеуметтік алушылар және бірыңғай жиынтық төлем жасаған азаматтар) түрде тағайындалды. Бүгінге дейін 280 633 азаматқа 42500 теңгеден әлеуметтік көмек карталарына аударылған.

42500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақыны алу үшін бірнеше онлайн платформалар, 42500.enbek.kz, egov.kz, телеграмм бот арқылы әр өңір бойынша өтінім қалдыру қарастырылған.

Айта кетейік, кері қайтарылып, көмек тағайындалмаған өтініштер – бірнеше рет қайталанған, жұмыс істейтін азаматтардан, зейнеткерлерден, қайтыс болған азаматтар атынан түскен.

 © DIDARBEK.kz

Пікір жазу