Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Руханият » ДІНДІ ӨЗ МАҚСАТЫНА ПАЙДАЛАНУ

ДІНДІ ӨЗ МАҚСАТЫНА ПАЙДАЛАНУ

Бүгінгі таңда діни экстремизм мен терроризм сөздерін естімеген адам жоқтың қасы. Жарық көрген еңбектер мен  ғаламтор  беттерінен шет елдердегі және Қазақстандағы діни ахуал соның ішінде діни экстремизм мен терроризм тақырыптарына қатысты мағлұматтар жетерлік. Бұл аталған мәселенің әлемдік деңгейде орын алып отырғандығы белгілі. Қазақстан әлем елдеріне көптеген дін өкілдерінің бейбіт өмір сүріп және конфессияаралық келісім моделін қалыптастырған мемлекет ретінде танылып отыр. Дегенмен, діни экстремизм  мәселесі біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Қазірде діни экстремизм мен терроризм ұғымы біз ұстанып жүрген ислам дінімен байланыстырылып  елді дүрліктіргені өкінішті.

Заманымызда орын алған қарулы қақтығыстар Таяу Шығыс аймақтарындағы террактілік актілерді ислам атын жамылған радикалды топтардың өз мойындарына алуы сыртқы күштердің жемісі десек болады. Бұл жағдай Қазақстандағы діни экстремизмнің табиғатын айқындай түсуіне септігін тигізген жоқ дей алмаймыз. Өйткені, тәуелсіздік алғаннан кейінгі діни жаңару халықтың басым бөлігінің дінге бет бұруы ата дінімізге үлкен сұраныс туындатты. Кеңестік кезеңдегі атейстік ұстаным, діни мамандардың болмауы, ұстанымы басқа шет елдік ислам мамандары мен уағызшыларының елге келуі басты себептерінің бірі болды. Осындай уағызшылардың арасында радикалды бағыттағы, экстремистік («Хизбут Тахрир», «Таблиғи жамағат», «Тәкфир уәл хижра» сияқты. т.б.) топтардың өкілдері болды.

Діни экстремизм арнайы оқулықтарда діни экстремизм «басқа дін ұстанушылар мен дінді ұстанбайтындарға төзімсіздікті уағыздау, өзге діндерге нақты бір діни ілім шеңберінде қарау, бағалау деген мағыналарды білдіреді. Басым жағдайларда діни экстремизм шынайы дінге қатысты болмай, билікті көздеу, қазба байлықтарынан үміт ету, өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін, дінді жамылғы ете отырып мақсатты жүзеге асыруды көрсетеді. Осы анықтамадағы сипаттамаларды негізге ала отырып қарастыратын болсақ жоғарыда айтылған дәстүрлі емес діни ағымдардың көпшілігінің ұстанымдарын экстремисттік деп бағалауға болады. Елімізде мұндай діни ағымдардың таралу аймақтары географиялық жағынан да менталитет жағынан да әр түрлі. Сарапшылар пікіріне сүйенсек, жиһадқа шақыратын экстремисттік ағымдар еліміздің батыс өңірлерінде кең таралған. Жалпы діни экстермизмнің қай аймақта болмасын елімізде таралуына бірнеше себеп атап өтуге болады. Ең алдымен бұл діни сауатсыздық. Дінге толық  таныммен емес сезіммен дінді тану діни сауатсыздықтың басты көрінісі болып отырғандығы, қоғамның әлеуметтік топтарының арасында, әсіресе жастардың өзгелерге еліктеуі, белгілі бір топтың мүшесі болуға деген ынтасы соқыр сенімге негізделген діншілдікке әкеледі яғни қоғамымызда ең әлсіз топ жастар екенін айтуға болады. Дәстүрлі емес діни ағымдардың нысанасы да жастар болып отыр.  Мұндай соқыр сенім діни фундаментализмнің және діни фанатизмнің алғышарттары екені белгілі. Фундаменталисттік көңіл-күй экстремизмге апарар жол, өйткені экстремисттік пайымда өзінің ғана діни ұстанымы ең шынайы, ақиқат әрі таза деп ұғынылады. Мұндай ұстаным өз сенімін, көзқарасын мейлінше кеңінен тарату, қажет болса күштеп үгіттеуденде тартынбайды. Осы жағдайда, терроризмнің көрінісі мен жан түршігерлік әрекеттер орын алады.

Егер жастарымыз көзсіз осындай соқыр сенімінің соңына кететін болса онда мемлекеттің болашағы бұлыңғыр. Сондықтан жастар тәрбиесіне алдынғы буын өкілдері жауапты екенін ұмытпауымыз керек. Ағартушылық – көрсоқыр сенімнің емі. Парасаттылық – сананың тазалығы. Ғылым – туралықтың кілті. Осыны санасына сіңдіре алған жас өспірім ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай: «Қол ұстасып Құдайға ғылым мен дін бірге бар» сөзін түсінген болар еді. Яғни Аллаға дінмен жақындасаң, дінге біліммен жақындайсың.

Сөзімді қортындылай келе діни экстремистік топтпрдан, дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану баршамыздың  ел алдындағы міндетіміз. Елімізде бейбіт өмір болса ғана еліміздің әл-ауқаты дұрысталып, өзге елдермен тереземіз тең болары анық дегім келеді. Ол үшін ғылымнан жырақта қалмауымыз керек.

©Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-ніңАқпараттық түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушыУ.Шегирбаев

Пікір жазу