Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » ПАРАНЫ АЛҒАН ДА, БЕРГЕН ДЕ — ЗАҢ АЛДЫНДА ЖАУАПТЫ

ПАРАНЫ АЛҒАН ДА, БЕРГЕН ДЕ — ЗАҢ АЛДЫНДА ЖАУАПТЫ

Бүгінгі күннің өзекті мәселесі – сыбайлас жемқорлық. Бұл – қоғамда шешімі табылмай тұрған мәселелердің бірі. Ол экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді және еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендетеді, еліміз үшін пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы басты кедергілердің бірі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру ел дамуының жалпы мемлекеттік міндеті.

Әсіресе, мемлекеттік билік органдарындағы сыбайлас жемқорлық аса қауіпті. Бұл жағдайда ол мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдауда беделін түсіретін өкілеттілігінің және қатаң құқықтық есеп берудің, шенеуніктерді қадағалаудың жоқтығынан биліктің монополияға айналуына әкеліп соқтырады.

Осы тұрғыда, айта кетер бір жәйт, сыбайлас жемқорлықтың қоғамдық өмірде белең алуы бір жақты ғана мәселе емес. Яғни, қай жанжалда болмасын, кінә екі жақты болатынын естен шығармауымыз керек. Параны алған адам да, оған ол параны ұсынушы да заң алдында бірдей жауапты болуы керек. Сонда ғана, бұл дертті жеңуге болады.

Шымкент қаласы
Әділет департаментінің
«Атқарушылық құжаттарды
орындау жөніндегі бөлімі» филиалы

Пікір жазу