Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » ЖЕМҚОРЛЫҚ ІНДЕТ — ЖОЮ МІНДЕТ!

ЖЕМҚОРЛЫҚ ІНДЕТ — ЖОЮ МІНДЕТ!

ХХІ ғасырдың дертіне айналған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мақсатында елімізде «Қылмыстық кодекске», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға және басқа да заңдық нормативтерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Олар мүмкіндігінше өз нәтижесін беруде. Қазақстан Республикасының Жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес барлық ұйымдарда арнайы жоспар құрылып, түрлі шаралар жүргізілуде. Бұл жүргізіліп отырған шаралар мемлекетіміздің жемқорлыққа қарсы саясатының орындалуына өз үлесін тигізіп келеді. 2015 жылдың 11 желтоқсанында Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі болып қайта құрылғаны белгілі. Бүгінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның әр облыста департаменттері бар.

«Жемқорлық – індет, жою – міндет». Сондықтан да онымен күресті тек заң қызметкерлері ғана жүзеге асырады деп бойымызды аулақ салмай, бірлесе күресу баршамыз үшін маңызды іс. Сыбайлас жемқорлық – ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс.

Жемқорлықпен күрес кез келген қоғам үшін әрқашан өзекті әрі ғаламдық мәселе. Ал онымен күрестің тиімділігін арттыру кез келген мемлекеттің болашағы үшін стратегиялық мәнге ие. Әсіресе, бұл серпінді дамып келе жатқан және бәсекеге қабілетті әлем елдерінің қатарына кіруді мақсат етіп отырған біздің  еліміз үшін өте маңызды.

 

Г.МАМАЕВА,

Еңбекші ауданы бойынша МКБ

Есепке алу,талдау және ақпараттық

технологиялар бөлімінің бас маманы.

 

 

 

Пікір жазу