Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты іс-әрекетте: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның бірінші кезеңінің іске асырылу қорытындысы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты Тәуелсіздік алған сәттен бастап   Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының идеологиясы заманауи кезеңде Елбасы алға қойған «Қазақстан — 2050» Стратегиясы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде қойылған міндеттердің арқасында дамудың қуатты серпінін алды.

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының басты міндеті болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірыңғай фронтын қалыптастыруды Елбасы «Қазақстан 2050» Стратегиясын орындау аясында жолдаған болатын, оның басты мәні мен мағынасы сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы мемлекет және қоғам күштерін біріктіру болды.

1993 жылдан бастап Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының маңызды методологиялық құралы ретінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің пайда болуына әсер ететін себептер мен жағдайларды жүйелі жоюдың бағдарламалық-жоспарлық қатынасы, сонымен бірге мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде сыбайлас жемқорлық көріністерін табанды жою болып табылады.

Қазіргі кезде Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының мақсаттары мен міндеттерін орындауды бағдарламалау және жоспарлау   мемлекет басшысының бастамасы бойынша 2014 жылда қабылданған 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия (бұдан әрі –Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия) және оны іске асыру бойынша 2015-2025 жылдарға арналған іс-шаралар аясында жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия, сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдыңғы алты мемлекеттік бағдарламаны орындау тәжірибесін өзіне қабылдап, түбегейлі түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдамалық басымдықты өзгертті. Онда сапалы жаңа деңгейге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруда барлық стейкхолдерді тарту сұрақтары енгізілді, яғни мемлекеттік органдарды, мемлекеттік сыңайлы сектор, бизнес қоғамдастығы және азаматтық қоғамдастықтар тартылды.

2017 жыл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның бірінші кезеңін жүзеге асырудың қорытындылаған жыл болды, бұл үш жылдықта Қазақстанда жаңартылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың алғашқы қорытындысын бағалауға мүмкіндік болып табылады.

 

Есепке алу,талдау және ақпараттық

технологиялар бөлімінің бас маманы

М. Абдукаримова

 

Пікір жазу