Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » ПАРА АЛУ МЕН БЕРУ: ЖАЗА КАТАҢ

ПАРА АЛУ МЕН БЕРУ: ЖАЗА КАТАҢ

Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатын нақтылап, бүгінде әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы Жарлығымен ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілді. Стратегияны іске асыру мақсатында ҚР 2015 жылғы 18 қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданды.

Аталған Заң — азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай- ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді. Бұл заңның ерекшелігі сол, билік басындағы лауазым иелерінің қызмет бабын жеке басының мақсаттарына пайдалануына, келеңсіз әрекеттеріне тосқауыл қою болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықтың қоғамда бе­лең алуы ең алдымен мемлекеттің беделіне, сонымен бірге, мемлекеттік органдарының беделіне зор нұқсан келтіреді. Сыбай­лас жемқорлықтың ең кең таралған түрі — пара алу және пара беру. Бүл қылмысқа барғандарға заң бойынша берілетін жаза қатаң. ҚР Қылмыстық кодексінің 366, 367- баптарында пара алғаны үшін, пара бергені үшін мүлкі тәркіленумен бірге, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, пара алғаны үшін параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінен бастап айыппұл салуға не он бес жылға дейінгі мерзімге, пара бергені үшін параның он еселенген сомасы мөлшерінен бастап айыппұл салуға не үш жылдан он бес жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

Т.ЖУНИСОВ, ҚР АШМ АӨК МИК Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының заңгері

 

Пікір жазу