Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАҒАН ЖИЫН

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАҒАН ЖИЫН

Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотының төрағасы Айдос Сұлтанов өткен жылы атқарылған  жұмыстарды қорытындылап, БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді.

Баспасөз мәслихатында сот төрағасы А.Сұлтанов сот төрелігін жүзеге асыру барысындағы сандық және сапалық оң көрсеткіштері туралы баяндап өтті.

– Еңбекші аудандық сотына 2020 жылдың 12 айында 424 тұлғаға қатысты 380 қылмыстық іс түсіп, 38 тұлғаға қатысты 34 қылмыстық іс 2019 жылдан қалдық ретінде өтіп, жалпы сот өндірісінде 414 қылмыстық іс болған. Жалпы 419 тұлғаға қатысты 375 қылмыстық іс аяқталып, 227 тұлғаға қатысты 197 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі, 4 тұлғаға қатысты 4 қылмыстық іс бойынша ақтау үкімі, 112 тұлғаға қатысты 104 қылмыстық іс қысқартылған. Қылмыстық істер бойынша 15 жекеше қаулы шығарылған. 11 қылмыстық іске медиатор қатысып, аталған қылмыстық істер қысқартылған,-деп жеке тоқталып өтті.

2020 жылдың 12 айында сотқа түскен қылмыстық істердің саны 2019 жылдың 12 айына қарағанда -34 іске артқан, аяқталған істер саны -16 іске артқан. Үкім шығарылған істердің саны- 4 іске кемісе, қысқартылған істердің саны -1 іске артқан.

Азаматтық істер бойынша: 2020 жылдың 12 айына  жалпы 4511  талап арыз және 203 іс түсіп, 3682 іс аяқталған. Соның ішінде қайтарылғаны — 912, қабылдаудан бас тартылғаны — 69 арыз. 1751 шешім шығарылып, 836 арыз қараусыз қалдырылған. Бұйрықтық өндіріспен түскені- 636, қысқартылғаны – 378, оның ішінде  сот  медиациясымен аяқталған – 273. Татуласу рәсімімен — 41  іс аяқталса, 8 іс бойынша тараптардың партисипативтік келісімге келуіне байланысты қысқартылды.

Былтырғы жыртыжылдықта 264 іс медиациямен, 47 іс тараптардың бітімгершілік келісімге келуімен аяқталған, 4 іс бойынша тараптардың партисипативтік келісімге келуіне байланысты қысқартылған.  Биылғы жылы медиация саны 29 пайызға көбейген.

Еңбекші аудандық сотына 2020 жылдың 12 айында жалпы 14932 кіріс құжаты тіркелген оның мемлекеттік тілдегісі 9520 болып 64 пайызды құраған, шығыс құжаттар 21517 болса, оның 100 пайызы мемлекеттік тілде тіркеліпті.

Қылмыстық және азаматтық түскен істердің саны жағынан мемлекеттік тілде түскені басым болғаны қуантады.

Осы кезеңде соттағы болып жатқан жаңалықтарды, заңдарға енгізілген жаңа өзгерістер мен толықтыруларды, татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдануды халыққа жеткізу және түсіндіру бағыты бойынша соттың БАҚ өкілдерімен жұмысы да тығыз жалғасуда екен.

Брифингтің соңы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берімен қорытындыланды.

 

Өз тілшімізден.

 

 

 

 

Пікір жазу